48 жастағы әйел жанұялық дәрігерге жыныс жолдарынан көп мөлшердегі қан кетуге, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Соңғы 1 жыл бойы көп мөлшерде келетін етеккірін байқады. PV- жатыр мойны цилиндрлі, ернеуі жабық, жатыры 14-15 аптаға дейін ұлғайған, қозғалмалы, ауру сезімсіз, беті тегіс емес. Қосалқылар пальпацияланбайды. Күмбездері терең.Қойылған диагноз: Аномальды жатырлық қан кету. Үлкен көлемдегі жатыр миомасы.ҚР ДСМ №101 2020 жыл 25 маусымдағы «Етеккір циклы бұзылыстары» клиникалық хаттамасына сәйкес қандай емдеу әдісі ең ықтимал болып табылады?
2
45 жастағы әйел жанұялық дәрігерге жыныс жолдарының қанды бөліністерге шағымданып келді. Соңғы 1 жыл бойы етеккірінің көп келуі байқалды. Анамнезде: «Дисфункционалдық жатырдан қан кетуы» диагнозбен диагностиқалық жатырдың қуысың қырған. Гистологиялық қортынды – эндометрий гиперплазиясы.ҚР ДСМ №101 2020 жыл 25 маусымдағы «Етеккір циклы бұзылыстары» клиникалық хаттамасына сәйкес қандай медикаментозды ем әдісі ең ықтимал болып табылады?
3
Стационарға 36 жастағы әйел, ауруханадан тыс медикаментозды түсіктен 5 күннен кейін ішінің төменгі бөлігінің ауру сезімі, қалтырау, дене қызуының 38 °С дейін көтерілгеннен кейін қаралды. Қарап тексергенде: іші жұмсақ, төменгі бөлікте ауру сезімді. Құрсақтың тітіркену симптомы теріс. Қынаптық зерттеуде: жатыры жүктіліктің 6-7 аптасына дейін ұлғайған, ауру сезімді, жұмсақ консистенциялы. Жатыр қосалқылары анықталмайды. Бөлінділер қанды, жағымсыз иісті.Төменде келтірілген зерттеу әдістерінің ЕҢ ЫҚТИМАЛ түрі қайсы?
4
33 жастағы әйел анамнезінде жиі қосалқылардың қабынуы және 3 жылдан бері жүкті болмауына шағымданып келді. Гинекологиялық зерттеуде PV: Қынап босанбаған. Жатыр мойны коникалық пішінді.Жатыр ұлғаймаған, қозғалмалы, ауру сезімсіз. Сол жақ қосалқылары әлсіз ауыру сезімді, оң жақ қосалқылары аймағында 7,0х6,0 см өлшемді, қозғалуы шектелген, домалақ, тығыз консистенциялы, ауыру сезімді түзіліс анықталады. Қойылған диагноз: Тубоовариалды түзіліс. ҚР ДСМ №16 2015 жыл 20 қарашасындағы «Кіші жамбас ағзалары қабыну аурулары» клиникалық хаттамасына сәйкес қандай антибиотик консервативті емде ең тиімді болып табылады?
5
22 жастағы әйел, жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, ішінің төменгі бөлігінің ауру сезімі, жыныс жолдарынан іріңді-қанды бөліністер шағымдарымен келді. Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, ЭТЖ-ның жоғарлауы. Қынаптық зерттеуде: жатыр денесі кішкене ұлғайған, ауру сезімді.
6
Стационарға 36 жастағы әйел, ауруханадан тыс медикаментозды түсіктен 5 күннен кейін ішінің төменгі бөлігінің ауру сезімі, қалтырау, дене қызуының 38 °С дейін көтерілгеннен кейін қаралды. Қарап тексергенде: іші жұмсақ, төменгі бөлікте ауру сезімді. Құрсақтың тітіркену симптомы теріс. Қынаптық зерттеуде: жатыры жүктіліктің 6-7 аптасына дейін ұлғайған, ауру сезімді, жұмсақ консистенциялы. Жатыр қосалқылары анықталмайды. Бөлінділер қанды, жағымсыз иісті.ҚР ДСМ 2015 жылғы «Түсіктің басқа түрлері (криминалды түсік), анықталмаған түсік» клиникалық хаттамасына сәйкес қандай көлемдегі ем ең мақсатты болып табылады?
7
20 жастағы әйел анамнезінде жиі қосалқылардың қабынуы. Жыныстық өмір бір жылдан бері, жүкті болмаған. Гинекологиялық зерттеуде PV: Қынап босанбаған. Жатыр мойны коникалық пішінді.Жатыр ұлғаймаған, қозғалмалы, ауру сезімсіз. Сол жақ қосалқылары әлсіз ауыру сезімді, оң жақта жатырдың артқы аймағында 4,0х3,5 см өлшемді, домалақ,қозғалмайтын, тығыз консистенциялы, ауыру сезімді түзіліс анықталады. Қойылған диагноз: Эндометриоидты киста. ҚР ДСМ 2013 жылғы «Аналық бездің қатерсіз ісіктері» клиникалық хаттамасына сәйкес қандай диагностикалық зерттеу әдісі ең мақсатты болып табылады?
8
Стационарға 36 жастағы әйел, ауруханадан тыс медикаментозды түсіктен 5 күннен кейін ішінің төменгі бөлігінің ауру сезімі, қалтырау, дене қызуының 38 °С дейін көтерілгеннен кейін қаралды. Қарап тексергенде: іші жұмсақ, төменгі бөлікте ауру сезімді. Құрсақтың тітіркену симптомы теріс. Қынаптық зерттеуде: жатыры жүктіліктің 6-7 аптасына дейін ұлғайған, ауру сезімді, жұмсақ консистенциялы. Жатыр қосалқылары анықталмайды. Бөлінділер қанды, жағымсыз иісті.ҚР ДСМ 2015 жылғы «Түсіктің басқа түрлері (криминалды түсік), анықталмаған түсік» клиникалық хаттамасына сәйкес қандай қосымша диагностикалық зерттеу жүргізген ең мақсатты болып табылады? * ЭКГ
9
20 жастағы әйел анамнезінде жиі қосалқылардың қабынуы. Жыныстық өмір бір жылдан бері, жүкті болмаған. Етеккірінің ұзақ келу типі бойынша шағымданып қаралғанда гинекологиялық зерттеуде PV: Қынап босанбаған. Жатыр мойны коникалық пішінді.Жатыр ұлғаймаған, қозғалмалы, ауру сезімсіз. Сол жақ қосалқылары әлсіз ауыру сезімді, оң жақ қосалқылары аймағында 4,0х3,5 см өлшемді, қозғалуы шектелген, домалақ, тығыз консистенциялы, ауыру сезімді түзіліс анықталады. Қойылған диагноз: Эндометриоидты киста. ҚР ДСМ 2013 жылғы «Аналық бездің қатерсіз ісіктері» клиникалық хаттамасына сәйкес қандай көлемдегі ем ең мақсатты болып табылады?
10
27 жастағы әйелде, ауруханадан тыс медикаментозды түсіктен 3 күннен кейін ішінің төменгі бөлігінің ауру сезімі, қалтырау, дене қызуының 39 °С дейін көтерілуі байқалды. Қарап тексергенде: іші жұмсақ, төменгі бөлікте ауру сезімді. Құрсақтың тітіркену симптомы теріс. Қынаптық зерттеуде: жатыры жүктіліктің 8-9 аптасына дейін ұлғайған, ауру сезімді, жұмсақ консистенциялы. Жатыр қосалқылары анықталмайды. Бөлінділер қанды, жағымсыз иісті.ҚР ДСМ 2015 жылғы «Түсіктің басқа түрлері (криминалды түсік), анықталмаған түсік» клиникалық хаттамасына сәйкес қандай лабораториялық өзгерістер ең тән болып табылады?
11
30 жастағы әйел апта бойы іштің төменгі бөлігіндегіндегі ауру сезіміне шағымданды, соңғы 3 тəулікте дене температурасы 390С, жүрек айну, құсу байқалған. Анамнез: ЖІС салынғалы 10жыл, алынбаған. Объективті: тері жабындылары бозарған, іштің төменгі бөлігінде тітіркену симптомдары оң. Қынаптық зерттеуде: сыртқы ернеу жабық, ЖІС жібі, іш аймағының қатты ауыру сезіміне байланысты жатыр жəне жатыр қосалқылары анықталмайды.ҚР ДСМ №101 2015 жыл 20 қарашасындағы «Кіші жамбас ағзалары қабыну аурулары» клиникалық хаттамасына сәйкес қандай көрсеткіш оперативті ем үшін ең ықтимал болып табылады?
12
34 жастағы әйел іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тəрізді ауруына, жыныс жолдарынан аздаған қанды бөліндіге шағымданады. Анамнезінен: соңғы етеккірі 2 ай бұрын болған, жүктілік тесті оң. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны қысқарған, цервикалды өзек 2 см өткізеді, жатыры жүктіліктің 7 аптасына дейін ұлғайған, қосалқылары анықталмайды, қанды бөлінділер ұйындылармен. Ультрасонографияда: жатыр қуысының төменгі 1/3 - де сылынған ұрық жұмыртқасы, ұрықтың жүрек соғасы анықталмайды.Қандай патологияға ЕҢ ЫҚТИМАЛ берілген клиникалық жағдай?
13
28 жастағы әйел анамнезінде жиі қосалқылардың қабынуы және 3 жылдан бері жүкті болмауына шағымданып келді. Жүктіліктің болмауына байланысты гинекологиялық зерттеуде PV: Қынап босанбаған әйелдікі. Жатыр мойны коникалық пішінді.Жатыр ұлғаймаған, қозғалмалы, ауру сезімсіз. Сол жақ қосалқылары әлсіз ауыру сезімді, оң жақ қосалқылары аймағында 7,0х6,0 см өлшемді, домалақ, тығыз консистенциялы, ауыру сезімді, аз қозғалмалы түзіліс анықталады. Артқы күмбез ауру сезімсіз. ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз және дәрігердің тактикасы?
14
33 жастағы әйел іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тəрізді ауруына, жыныс жолдарынан аздаған қанды бөліндіге шағымданады, етеккірі 4 аптаға кідірген. Анамнезінен: созылмалы сальпингит, біріншілік бедеулік. Кіші жамбас қуысының мүшелерін УДЗ: жатыр қуысында ұрық жұмыртқасы көрінбейді, құрсақ қуысында 100,0 мл бос сұйықтық. Түтіктік түсік түріндегі үзілген жатырдан тыс жүктілік диагнозы қойылды..Берілген клиникалық жағдайда хирургиялық емнің қандай көлемі ЕҢ ЫҚТИМАЛ ?
15
29 жастағы әйел, физикалық жүктемеден кейін іштің төменгі жағындағы ауру сезімі тік ішекке берілетіне шағымданды.Тері бөзарған, АҚҚ 90/60сбб, пульс 110 рет мин. Анамнезде: диспансерлік учетта «Анабез кистасы» диагнозбен тіркелген. Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының сыртқы ернеуі жабық, жатыр қалыпты өлшемде, тығыз, оң жағында 5,0*6,0 см эластикалық консистенциялы ауру сезіммен түзіліс анықталады, сол жақ өзгеріссіз. Артқы күмбез салбыраған, ауру сезімді.Қандай патологияға ЕҢ ЫҚТИМАЛ берілген клиникалық жағдай?
16
34 жастағы әйелде келесі симптомдар кешені анықталды: етеккір циклдін 15 күні толғақ тәрізді іштің төменгі жағындағы ауру сезімі тік ішекке беріледі, іш қуысында қан кету симптомдары анықталады. Гинеколгиялық анамнез асқынбаған. Жыныс жолдарынан патологиялық бөлінділер жоқ.Қандай патологиялық жағдаймен дифференциалды диагноз жүргізу ЕҢ ЫҚТИМАЛ?
17
Көп салалы клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне 32 жастағы әйел іштің барлық аймағындағы ауру сезімі клиникасымен жеткізілді. Анамнезінен: етеккірі 5 аптаға кідірген, жүктілік тесті оң, жыныстық қатынас ретті, контрацепциялық заттар қолдабаған, созылмалы аднексит, 2 жасаны түсік, 20 жаста аппендоэктомия.Қандай патологияға ЕҢ ЫҚТИМАЛ берілген клиникалық жағдай?
18
35 жастағы әйел жыныс жолдарының қанды бөліністерге шағымданып келді. Соңғы 1 жыл бойы етеккірінің көп келуі байқалды. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны цилиндрлі, ернеу жабық. Жатыр 8-9 аптаға дейін ұлғайған, қозғалмалы, ауру сезімсіз, тегіс, қосалқылар пальпацияланбайды. Күмбездері терең.
19
35 жастағы әйелде хирургиялық аборттан кейінгі 2-ші тəулікте дене температурасы 38,0 С көтерілді, ішінің төменгі жағында ауыру сезімі, əлсіздік, жыныс жолдарынан қанды бөлінділер. Гинекологиялық зерттеу: жатыр мойнында қысқыштың ізі, жатыр мойнының сыртқы ернеуі 1,5 саусақ өткізеді, жатыр 6 аптаға сәйкес ұлғайған,ауыру сезіммен, қанды бөлінділер ұйындылармен. Лейкоцитоз -14,2х109/л, лейкоцитарлы формула солға жылжыған, ЭТЖ 36 мм/сағ. Болжам диагноз: жедел эндометрит, ұрық қалдықтары? Ультрадыбыстық зерттеуде диагноз нақтыланды.Төменде аталғандардың ішінде ЕҢ ықтимал тактика қандай?
20
33 жастағы әйел іштің төменгі бөлігінің толғақ тəрізді ауруына, жыныс жолдарынан аздаған қанды бөліндіге шағымданады. Анамнезінен: соңғы етеккірі 2 ай бұрын болған, жүктілік тесті оң. Қынаптық тексеруде: сыртқы ернеуі жабық, жатыры жүктіліктің 6 аптасына дейін ұлғайған, тонусы жоғарылаған, қосалқылары анықталмайды. Ультрасонографияда: анэмбриония. Дамымай қалған жүктілік диагнозы қойылды.№15 ҚР ДСМ «2» қыркүйек 2016 жылғы «Жүктіліктің соңына жетпеуі» протоколына сәйкес ЕҢ ЫҚТИМАЛ ем тактикасы?