Хир стом (6 курс)


180
4 курс
education language
📅 26 дек 2021
👀 2
1
Бет – жақ аймағындағы актиномикозды емдеу кезінде қолданылады:
2
Эпидемиялық паротиттің инфекциялық таралу жолдары:
3
Ер адам Р., 25 жаста, бетінің ісінуіне, басын игенде пайда болатын ауырлық сезіміне, оң жақ мұрнының бітелуіне, тісіндегі сыздайтын ауыру сезіміне, басының ауыратындығына, жалпы әлсіздікке шағымданды. Осы шағымдарының пайда болғанына 5 ай болды. Қарап тексергенде: оң жақ бетінің ісінуінен беті асимметриялы, айбат шұңқырының пальпациясы ауырады. 1.6 тісі пломбаның астында, перкуссиясы ауырады. Рентгенограммада: оң жақ гаймор қуысының қараюы анықталды және 1.6 тіс түбірлерінің айналасындағы сүйек тіні анық шекарасыз сорылған. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс болар еді?
4
Ер адам Т., 30 жаста, төменгі сол жақ асты сүйегінің ауыратындығына және ісінгеніне, жұтынғанда ауыратындығына, аузының шектеліп ашылатындығына, дене температурасының 38,5 дейін көтерілгеніне шағымданды. Қарап тексергенде: төменгі сол жақ сүйегі бұрышының маңында қатты ауыратын инфильтрат себебінен беті асимметриялы. Ауыз ашылуы шектелген. Ауыз қуысында: ретромоляр аймағы мен қанатша төменгі жақ қатпары гиперемирленген, ісінген, тығыз және ауыратын инфильтрат бар. R-граммада: 3.8 тіс вертикальді орналасқан, ретромоляр кеңістігі теріс.Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс болар еді?
5
Бозбала Д., 18 жаста, бірнеше ай бойы жоғарғы оң жақ сүйегіндегі тісінің периодты түрде сыздап ауыратынына шағымданды. Қарап тексергенде альвеола өсіндісінде, 12 тістің түбір ұшы маңында жыланкөз анықталды, жыланкөзден бөлініс жоқ, 1.2 тіс пломбаның астында, перкуссиясы сәл ауырады. Ауыз қуысының шырышты қабаты ақшыл-қызғылт түсті. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс болар еді?
и еще 175 вопросов