Ер адам 21 жаста, жедел ауырған. Әлсіздік, температурасының жоғарылауы 38°С, аздаған тамақтағы ауырсынуы мазалайды. Анкасында қызару цианотикалық түсте, ұлғайған бадамшада сыртына шықпайтын, қиын алынатын сұр жабынды анықталады. Мойын шел қабатында ісіну жоқ.Күлдік антитоксиннің қандай дозасын беру керек ?
2
Әйел 20 жас, ауруының 3ші күні мынандай шағымдармен түсті: жоғары дене қызуы 390С, әлсіздік, аздаған тамағының ауыруы. Жағдайы орташа ауырлықта, Т-38,40С. Пальпация кезінде жақ асты лимфа бездері ұлғайған, ауырсынусыз. Аңқада-цианотикалық түсті қызару, бадамшалары жұтқыншақ доғашықтарынан шығыңқы, ісіңген, сұр түсті жабындымен жабылған, шпательмен алынбайды. Анамнезінде: 2 күн алдын қызметтесі баспа ауруымен ауруханаға жатқызылған.Науқасты шығару үшін қанша теріс бактериологиялық зерттеу алу керек?
3
42 жастағы ер адамды Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне алып келген. Шағымдары: дене қызуының 39-40С дейін көтерілуі, қалтырау, денесінің сырқырауы, басының қатты ауруы, кеуде қуысының оң жақ тұсындағы ауру сезімі, құрғақ жөтел. Кеше кешке ауырған. 3 күн бұрын ауру түені бауыздауға қатысқанда қолын кесіп алған. Науқастың жағдайы ауыр. ТЖ –минутына 30 рет. Пульсі – минутына 140 рет, АҚҚ-90/60 мм/сағ. Кеуде қуысының оң жағында құрғақ сырылдар естіледі. Рентгенограммада – оң жақта инфильраттар анықталады. В гемограммада: лейкоциттері – 24х109/л, таяқша ядролы нейтрофилдер-14%, сегментті ядролы нейтрофилдер – 82%, лимфоциттер – 2%, моноциттер -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған.Қандай ұйымдастыру әрекетін бірінші болып орындау керек?
4
42 жастағы ер адамды Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне алып келген. Шағымдары: дене қызуының 39-40С дейін көтерілуі, қалтырау, денесінің сырқырау, басының қатты ауруы, кеуде қуысының оң жақ тұсындағы ауру сезімі, құрғақ жөтел. Кеше кешке ауырған. 3 күн бұрын ауру түені бауыздауға қатысқанда қолын кесіп алған. Науқастың жағдайы улану белгілері салдарынан ауыр. ТЖ –минутына 30 рет. Пульсі – минутына 140 рет, АҚҚ-90/60 мм/сағ. Кеуде қуысының оң жағында құрғақ сырылдар естіледі. Рентгенограммада – оң жақта инфильраттар анықталады. В гемограммада: лейкоциттері – 24х109/л, таяқша ядролы нейтрофилдер-14%, сегментті ядролы нейтрофилдер – 82%, лимфоциттер – 2%, моноциттер -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған.Қандай емдік шараны бірінші кезекте көрсетеді?
5
16 жастағы бозбала аудандық аурухананың қабылдау бөлімшесіне келіп түсті. Шағымдары:дене қызуының 39-40°С дейін көтерілуі, қалтырау, денесінің сырқырауы, басының қатты ауруы, сол жақ шап аймағындағы ауру сезімі. Жайлаудағы мал шаруашылығында шопан болып жұмыс істейді, кейде далада түнеуге тура келеді. 2 күн бұрын жедел ауырған. Жағдайы айқын улану белгілерінің салдарынан ауыр. Аяғында жәндектердің шаққан іздері мен қасыған орындары көрінеді. Сол жақ шап аймағындағы лимфатүйіндері 4х3 см дейін ұлғайған, тығыз, қатты ауырады, периаденит анықталып, үстіндегі терісі қызарған. Гемограммада: лейкоциттері – 20х109/л, таяқша ядролы нейтрофилдері -4%,сегмент ядролы нейтрофилдері – 88%, лимфоциттері – 6%, моноциттері -2%. Қандай емдік шараны бірінші ретте көрсету керек: