Психиатрия (решали студенты, могут быть неточности)
80
4 курс
📅 21 дек 2022
👀 11
1
Науқас Н жасы 54, шаршаған, күйзелген болып көрінеді. Әңгімелесу кезінде аздап қызығушылық байқайды, басының ауруына, бастағы шуға, басының айналуына, шаршағыштыққа, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуіне, у-шуды және қапырықты көтере алмауына, ашушаңдыққа, жылағыштыққа, ұмытшақтыққа, көңілінің төмендеуіне эмоциональді түрде айтады. Әңгіменің тақырыбына байланысты көңілі тез өзгереді. Анамнезің айтқан уақыта шатасады.Зейнеткерлікке жетуіне көмек сұрайды.Төменде көрсетілген бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?Төменде көрсетілген бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
2
Әйел В жасы 40, музыка мұғалімі. Мінезі сезімтал,өзіне сенімсіз, қыңыр. Ортада өзін өзі көрсеткенді ұнатады. Белсенді болып өзің елге таңытады, бірақ от басында - ашушаң, ұрысқақ, қызғаншақ. Ауырудың өршуі екінші рет босанғаннан кейін басталды. Нәрестеге қарау үшін көп күшің жұмсайды. Күйеуінің туысымен ұрсысқан соң жылап, өмір сүргісі келмейтінің айтты. Сол сәтте онкологиялық ісікпен ауырдым деген ой келді. Өзінің ішінде онкологиялық ісіктің, өсіп және таралуын елестетті.Өз ойынан өзі қорқып, ол ойлардан арылғысы келеді,бірақ ол ойлар кетпейді, үрей мен қорқыныш пайда болды. Терапевт-дәрігерге барып қаралды, бірақ ол ауру дәлелденбеді. Аз уақытқа тынышталып, бірақ біраз уақыттан кейн суицидальды ойлар келді.Ол ойдың негісзсіз екенін біледі, бірақ ол ойдан арыла алмады. Дәрігерге келгенде қатерлі ауруның бар екенің және өлем деген ойының бар екендігін айтты.», өмір бойы Психиатриялық ауруханада өмір бойы қалып, д «ақылдан адасып кетемін деген ойлар пайда болды.Қандай синлромальді диагноз қоюға болады?
3
40 жастағы әйел әңгіме кезінде былай жауап берді: «Мен үнемі өмірім үшін қорқамын. Бір жағынан ештеңе жаманшылық болмайтынын білемін, бірақ екінші жағынан менің істеген ісім менің денсаулығыма жаман тие ме деп ойлаймын. Көшеде келе жатып, бір заттарды немесе ағаштарды, үйлерді, машиналарды анаймын. Дұрыс санасам, тынышталамын. Егер қателесіп кетсем, не күтіп тұр деген қорқыныш келеді. Жұмыс кезінде әсіресе ауыр. Бір істі бітіріп, дұрыс істедім бе деген күмән туады. Егер бір қателік жіберсем, әлсіздік, жүрек қағысы, діріл пайда болады. Бірақ ештеңе істей алмаймын. Бір жағынан жұмыс істеп, отбасымды асырауым керек, бірақ өз өмірім үшін қорқыныштан ештеңе істей алмаймын.Бұл науқасқа қандай ем керек?
4
Жалпы дәрігерлік тәжірибе дәрігеріне 70 жастағы әкесін қызы алып келді. Қызының айтуы бойынша көңілі төмендеген, үрейлі, мазасыз, ашуланшақ, ештең істегісі келмейді. Анамнезінде – 3 апта бұрын ауылды жерден қызына көшіп келген, бұрын әйелі қайтыс болған соң жалғыз өзі тұрған. Интеллектуальді-мнестикалық бұзылыс жоқ, метеотәуелділік анықталмады. Невропатолог «Дисциркуляторлы энцефалопатия», Терапевт – 1 саттағы Гипертониялық ауру» деген диагноз қойылған. Сіздің дәрігерлік тактикаңыз Жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша ҚР психиатриялық көмек көрсету стандарты бойынша қандай?
5
37 жастағы пациент метеоризмге, іш кебуіне, үлкен дәретінің бұзылуына шағымданап келді.Анамнез бойынша – 2 жылдан бері ауырады, себебін дұрыс тамақтанбаудан деп санайды. Гастроэнтеролог дәрігерге қаралған, ештеңе табылмаған. Объективті түрде – патология жоқ. 2 жыл бұрын 15 жыл тұрмыс құрған күйеуімен ажырасқан, күйеуі басқа отбасын құрған.Сіздің дәрігерлік тактикаңыз Жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша ҚР психиатриялық көмек көрсету стандарты бойынша қандай?