Қабылдау бөліміне 29 жастағы науқас жеткізілді, физикалдық жүктемеден кейін кенеттен қатты бас ауырсынуы, көп ретті құсу болған. Объективті: есі – сопор жағдайында, шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі, Керниг және Брудзинский симптомдары. АҚ – 190\110 мм.сын.бағ. Ликвор түсі қанға боялған, эритроциттер көп мөлшерде. Ликвордың қысымы – 290 мм.сын.бағ.Аталған диагноздардың қайсысы барынша сәйкес келеді?
2
Қабылдау бөліміне 35 жастағы әйел адам жеткізілді, кенеттен қатты бас ауруы және көп ретті құсу болған. Объективті: кома жағдайында, шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі, Керниг және Брудзинский симптомдары. АҚ-200\120 мм.сын.бағ. Ликвордың түсі қанға боялған, эритроциттер көп мөлшерде. Ликвордың қысымы 300 мм.сын.бағ.Аталған диагноздардың қайсысы барынша сәйкес келеді?
3
Қант диабетімен зардап шегетін 70 жастағы науқаста, оң жақ аяқ-қолдарында бірте-бірте әлсіздік, көзінде екі еселену пайда болған, сол жақ көз алмасының жоғары, ішке, төменгі қимылдары жоғалған. Объективті: сол жақ жоғарғы қабағында птоз, оң жақты сіреспелі гемипарез. Ликвор түсі – түссіз, қысымы – 180 мм.сын.бағ., цитоз – 5 лимфоцит.Аталған диагноздардың қайсысы барынша сәйкес келеді?
4
Науқас 65 жаста, таңертеңгісін сол аяғындағы тірегін жоғалтып, құлап қалды. Объективті: науқас қисалаңдаған, ұстау рефлексі анықталады, оң аяғының сіреспелі салдануы. Ликвор түсі – түссіз, қысымы – 160 мм.сын.бағ., цитоз – 3 лимфоцит.Аталған диагноздардың қайсысы барынша сәйкес келеді?
5
Науқас 57 жаста, бас ауруына, жүрек айнуына, сол жақ аяқ-қолдарының жансыздануына, жүрудің қиындауына шағымданады. Аурудың басталуынан 7 сағаттан кейін жедел жәрдем бригадасымен стационарға жеткізілді. АҚ – 195\110 мм.сын.бағ. Науқаста оң жақ бетінің жартысында және сол жақ денесінің жартысында беткей сезімталдықтың жоғалуы, гипофония, жұмсақ таңдай қозғалысының шектелуі, оң жақты жұту рефлексінің жоғалуы және шашалып қалу анықталды.Барынша ықтимал болатын жүргізу тактикасын анықтаңыз?