Казахский язык (B1)


101
1 курс
education language
📅 10 мая 2023
👀 658
1
Ел болашағы қашан да жастарға тікелей байланысты. Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда жастар ел халқының жалпы санының 20,2%-ін құрайды. Жастар – ел дамуының, болашағының стратегиялық ресурсы, бүгіні мен ертеңінің қозғаушы күші. Сондықтан жастарға бүгін және қазір мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, құба-құп. Елімізде бірнеше жылдан бері жастарды қолдау, оларға кәсіби білім беру, жұмыспен қамту секілді мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламалар қабылданып жатыр. «Мәдениет порталы» Қазақстанда мемлекеттік жастар саясаты туралы бастаманың қалай жүзеге асып жатқанына, өткен жылы жастардың қандай бағдарлама бойынша мүмкіндікті пайдаланғанына шолу жасады. Қазақстанда жастар ел халқының жалпы санының неше пайызын құрайды?
2
2015 жылдың 9 ақпанында Қазақстанда «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң қабылданды. Құжатқа сәйкес, жастар санатына елдің 14-29 жастағы азаматтары кіреді. Ал 2021 жылы жастар санатына жататындардың қатары кеңеюі мүмкін. Мұны ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлімдеген еді. Сондай-ақ, жастарға жағдай жасауға арналған бірнеше бағдарламаларға өзгерістер енгізіледі. 2015 жылдың 9 ақпанында қабылданган заңға сайкес, жастар санатына елдің неше жастағы азаматтары кіреді?
3
Жастар саясаты мәдени, адамгершілік және рухани құндылықтар, азамат бойындағы еңбексүйгіштік, жауапкершілік, азаматтық қасиеттер секілді қағидаттарға сүйенеді. Сондай-ақ, жастар саясатының басым қағидаттарына конфессияаралық келісім және этносаралық толеранттылық, ұрпақ сабақтастығы, отбасыдағы тәрбие кіреді.2015 жылы қабылданған заңда мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты не болып табылатыны айтылған?
4
Нобель сыйлығы - әлемдегі ең беделді сый. Оның лауреаттары қатарында рентген сәулеленуін, пенициллинді ойлап тапқан атақты ғалымдар бар. Нобель сыйлығымен Нельсон Манделла, Барак Обама секілді танымал қайраткерлер марапатталған. Жыл сайын қазан айының басында бүкіл әлем назары Швеция мен Норвегия еліне ауысады. Дәл осы уақытта Стокгольм және Осло қалаларында Нобель сыйлығы лауреаттары есімі жарияланады. Бұл күні Нобель қоры сайтына миллиондаған қолданушылар кіріп жатады. Нобель сыйлығы 1901 жылдан бері әр жыл сайын физика, химия, медицина, әдебиет және бейбітшілік салалары бойынша елеулі жетістікке жеткен ғалымдар мен ұйымдарға беріледі. Марапаттау рәсімі жыл сайын 10 желтоқсан күні өтеді. Осы салтанатты марапаттау күнінде Швеция королі лауреаттарға Нобель медалін, диплом және де ақшалай сыйлық тапсырады. Нобель сыйлығымен марапаттау рәсімі жыл сайын кай күні өтеді?
5
Нобель сыйлығы швед өнертапқышы және өнеркәсіп иесі Альфред Нобельдің (1833—1896) өсиеті бойынша құрылған. 1895 жылы жазылған өсиетте Нобель өзінің қаржы жағдайын сенімді бағалы қағаз күйінде ұстауды бұйырған. Нобель сыйлығы кімнің өсиеті бойынша құрылған?
и еще 96 вопросов