48 жастағы әйел жанұялық дәрігерге жыныс жолдарынан көп мөлшердегі қан кетуге, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Соңғы 1 жыл бойы көп мөлшерде келетін етеккірін байқады. PV- жатыр мойны цилиндрлі, ернеуі жабық, жатыры 14-15 аптаға дейін ұлғайған, қозғалмалы, ауру сезімсіз, беті тегіс емес. Қосалқылар пальпацияланбайды. Күмбездері терең.Қойылған диагноз: Аномальды жатырлық қан кету. Үлкен көлемдегі жатыр миомасы.ҚР ДСМ №101 2020 жыл 25 маусымдағы «Етеккір циклы бұзылыстары» клиникалық хаттамасына сәйкес қандай емдеу әдісі ең ықтимал болып табылады?
2
45 жастағы әйел жанұялық дәрігерге жыныс жолдарының қанды бөліністерге шағымданып келді. Соңғы 1 жыл бойы етеккірінің көп келуі байқалды. Анамнезде: «Дисфункционалдық жатырдан қан кетуы» диагнозбен диагностиқалық жатырдың қуысың қырған. Гистологиялық қортынды – эндометрий гиперплазиясы.ҚР ДСМ №101 2020 жыл 25 маусымдағы «Етеккір циклы бұзылыстары» клиникалық хаттамасына сәйкес қандай медикаментозды ем әдісі ең ықтимал болып табылады?
3
Стационарға 36 жастағы әйел, ауруханадан тыс медикаментозды түсіктен 5 күннен кейін ішінің төменгі бөлігінің ауру сезімі, қалтырау, дене қызуының 38 °С дейін көтерілгеннен кейін қаралды. Қарап тексергенде: іші жұмсақ, төменгі бөлікте ауру сезімді. Құрсақтың тітіркену симптомы теріс. Қынаптық зерттеуде: жатыры жүктіліктің 6-7 аптасына дейін ұлғайған, ауру сезімді, жұмсақ консистенциялы. Жатыр қосалқылары анықталмайды. Бөлінділер қанды, жағымсыз иісті.Төменде келтірілген зерттеу әдістерінің ЕҢ ЫҚТИМАЛ түрі қайсы?
4
33 жастағы әйел анамнезінде жиі қосалқылардың қабынуы және 3 жылдан бері жүкті болмауына шағымданып келді. Гинекологиялық зерттеуде PV: Қынап босанбаған. Жатыр мойны коникалық пішінді.Жатыр ұлғаймаған, қозғалмалы, ауру сезімсіз. Сол жақ қосалқылары әлсіз ауыру сезімді, оң жақ қосалқылары аймағында 7,0х6,0 см өлшемді, қозғалуы шектелген, домалақ, тығыз консистенциялы, ауыру сезімді түзіліс анықталады. Қойылған диагноз: Тубоовариалды түзіліс. ҚР ДСМ №16 2015 жыл 20 қарашасындағы «Кіші жамбас ағзалары қабыну аурулары» клиникалық хаттамасына сәйкес қандай антибиотик консервативті емде ең тиімді болып табылады?
5
22 жастағы әйел, жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, ішінің төменгі бөлігінің ауру сезімі, жыныс жолдарынан іріңді-қанды бөліністер шағымдарымен келді. Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, ЭТЖ-ның жоғарлауы. Қынаптық зерттеуде: жатыр денесі кішкене ұлғайған, ауру сезімді.