Әйел 47 жаста, көкіректің сол жақ жартысының ауыруына, кейде сол жақ қолға беріледі, ұзақ жүрген кезде аяқтарының сыздап ауыруына шағымданады. 2 жыл бұрын қан құрамында глюкоза және холестериннің мөлшері жоғары екені анықталған. Қандағы глюкоза мөлшерін төмендету үшін дәрі-дәрмекті тұрақты ішеді. Төмендегі факторлардың қайсысы ЖИА дамуының аса ықтимал қаупі болып табылады?
2
Ер адам 55 жаста, жүрегінің ұдайы батып ауыруына, айқын жүрек қағуына, жүрек ырғағының бұзылуына және тоқтап қалған сияқты сезіміне шағымданады, артық жүктеме кезінде ауыру күшейеді. Күнделікті 300-400 грамм арақ үшіп тұрады. Перкуторлы – жүрек шекарасы солға кеңейген. ЭКГ – ырғақ дұрыс емес, атриовентрикулярлы өткізгіштік (РQ-0,30) бәсеңдеген, жиі жүрекше және қарыншалық экстрасистолалар, SТ сегменті кеуде жалғамдарында төмендеген, екіфазалық тісше Тв V3- V6. ЭхоКГ – лақтыру фракциясы 32%. АСА ықтимал диагноз қандай?
3
Ер адам 70 жаста, екі рет миокард инфаркті болған, айқын ентігуге, бірнеше сағат бойы жүрек қағысының жиілеуіне, бірден әлсіреуге шағымданады. ЭКГ-да – Р тісшесі жоқ, қарынша жиырылуының артимиясы анықталды, ырғақ жиілігі минутына 170 жуық. Амиодарон тиімсіз. Науқаста гемодинамикалық бұзылыстар тез өршіді. Жүрекше фибрилияциясының пароксизмасы кезінде қандай жағдайларда синусты ырғақтың шұғыл реверсиясын жасайды?
4
Ер адам 49 жаста, артық жүктеме кезінде күшейетін айқын ентігуді, жүрек қағуын, субфебрилитет, әлсіздік, тершеңдікті, артралгияны, аяқтарының ісінуін байқады. Бұрын жиі іріңді баспамен ауырған. Тоңудан кейін жағдайы нашарлады. Объективті: жүрек тұйықтығының салыстырмалы шекарасы жоғары және оңға үлкейген. Аускультация кезінде: жүрекше фибрилляциясы, бөдене ырғағы, жүрек ұшында диастолалық шу. Науқаста қандай диагноз аса ықтимал?
5
Әйел 67 жаста, аздаған жүктеме кезінде ентігуге, жүрек соғуының бұзылуына, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Анамнезінде: миокард инфаркті болған, темекіні көп шегеді. Қараған кезде: өкпеде тұрақты ылғалды сырылдар, жүрек үні бәсеңдеген. ЖЖЖ – мин 106. АҚҚ - 150/95 мм рт.ст. ЭКГ: сол жақ жүрекшенің алдыңғы қабырғасының тыртықты өзгерісі, жиі қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ: лақтыру фракциясы-37%. Коронарография: ПМЖВ ЛКА проксималды үштен бір бөлігінің стеноздалуы 85%. Спирография: тыныс жетіспеушілігінің рестриктивті түрі. Төмендегі критериялардың қайсысы СЖЖ ағымын болжау үшін АСА ақпаратты?