26 жастағы жүйті әйел жүктіліктің 28-аптасында әйелдер консультациясының дәрігеріне әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде созылмалы аурулар, жарақаттар мен операциялар жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. Аяқтары шамалы ісінген. Дене қызуы 36,5°С, пульс минутына 80 соққы, АҚ 140/90 мм с.б. Іштегі нәрестенің жүрек соғуы минутына 145-148, анық, ырғақты. Жатыры қозымсыз. Жыныстық жолдарында патологиялық бөлінді жоқ. Қанның жалпы талдамасында гемоглобин 123 г/л. Несептің бір реттік порциясында белок іздері. Қандай тәсіл қолданған дұрыс:
2
Жүкті А., 29 жаста, УДЗ мәліметі бойынша - монохориальдық моноамниондық егіз, жүктілік бойынша консультация-диагностикалық бөлімшеге қаралады. 2013 жылғы 19 қыркүйектегі №18 "Көп ұрықты жүктілік" диагностика және емдеу клиникалық хаттамасына сәйкес оған жүктіліктің қай мерзімінде жоспарлы кесарь тілігін жасау көрсетілген?
3
24 жасар жүкті әйел жүктіліктің 30 апталық мерзімінде әйелдер консультациясының қабылдауына келгенде алғаш рет АҚ 150/90 мм с.б. Көтерілді. Шағымы жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. Ісінбеген. Қандай тәсілді қолданған дұрыс:
4
Жүктіліктің 32-аптасындағы әйел әйелдер консультациясының дәрігеріне эпигастри аймағының ауыратынына шағымданып келді. Жайылған ісінулер байқалады. АҚ – 160/90 мм с.б., 165/90 мм с.б., несептің бірреттік порциясындағы белок 3,6 г/л. Барынша негізделген тәсіл:
5
Қайтадан жүкті, босанатын мерзімі жеткен 30 жасар әйел әйелдер консультациясы дәрігерінің қабылдауында отырғанда кенеттен ішінің ауырғанына шағымданды және жыныстық жолдарынан 250,0 мл көлемінде қан кетті, қан кету әлі де жалғасуда. Сонымен қатар жалпы әлсіздік, ентігу пайда болды. Жағдайы орташа ауырлықта, АҚ 90/60 мм с. б., тамыр соғысы минутына - 96 рет. Жатыры гипертонуста, оңжақ түтік бұрышын ауырсынады. Іштегі нәрестенің жүрек соғысы естілмейді. Бұл жағдайда берілген нұсқалардың қайсысын бірінші кезекте орындау керек?