Хирургия


74
4 курс
education language
📅 18 окт 2025
👀 2
1
Жедел флегмонозды калькулезді холециститке жасалып жатқан операция барысында холедохтың 15 мм дейін кеңейгені анықталған. Холедохотомия жасағаннан кейін қарқынды түрде іртік араласқан, қою өт бөліне бастады. Холециститтің қандай асқынуы болуы мүмкін?
2
Науқасқа екі жыл бұрын өттас ауруы, калькулезді холециститке байланысты холецистэктомия операциясы жасалынған. Алты айдан кейін оң жақ қабырға асты аймағының ауырсынуы, зәрдің қара қоңыр түске өзгеруі байқалған. Қанның биохимиялық анализінде – жалпы билирубин 120 мкмоль/л, тікелей 87 мкмоль/л. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысының осы жағдайда ақпараттылығы ЕҢ жоғары?
3
Ер адам 60 жаста,іштің оң жақ аймағының сыздап ауруымен шағымданып түсті. Дәрігерлерге қаралмаған, ауырғанына 5-6 күн болған. Қарау барысында дене қызуы 37,6 ºС. Пальпация кезінде оң жақ мықын аймағында сопақ пішіндес, қозғалыссыз, өлшемі 7,0х5,0 см,орташа тығыздықтағы түзіліс анықталды.Аталған болжама диагноздардың қайсысы дұрыс?
4
Жедел аппендицит бойынша операция барысында құрттәрізді өсіндінің ұлғайғаны, өсінді қабырғасында сұр-қара түсті некрозды ошақтар анықталды. Жоғарыда аталған макроскопиялық өзгерістер жедел аппендициттің қай түріне тән?
5
Науқас, 42 жаста, клиникаға оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, құсу, дене қызуының 380С дейін көтерілу шағымдармен түсті. Бұрын УДЗ-де өт тас ауруы анықталған. Қарап тексергенде: оң жақ қабырға астында іші қатайған және ауру сезімі бар. Ортнер және Мерфи симптомдары оң. Қан анализінде лейкоциттер - 18х109/л. Төменде келтірілген алдын ала болжап қойылған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
и еще 69 вопросов