Неврология


200
4 курс
education language
📅 27 дек 2024
👀 23
1
Сезімталдық анализаторының қыртыстық деңгейін көрсетіңіз?
2
Беткей сезімталдылықтың 1 нейроны қай жерде орналасқан?
3
Терең сезімталдылықтың 2 нейроны қай жерде орналасқан?
4
13 жасар бала, 10 жыл бойы 1 типті қант диабетімен эндокринологтың бақылауында тұрады. Қолдары мен аяқтарындағы ауырсынуға шағымданады. Қарау кезінде «қолғап пен гольф» түріндегі гипестезия анықталды.Бұл жағдайда сезімталдық бұзылысының түрі қандай?
5
Жасөспірім, биіктіктен құлаған кезде жұлынына зақым келген. Қарау кезінде оң қол мен аяқта сезімталдықтың терең бұзылысы анықталды.Қандай құрылымдардың зақымдалуында бұл симптом болуы мүмкін?
6
11 жасар қыз, инсульттан кейін көзді жұмған қалыпта заттарды тани алмайды.Сезімталдық бұзылысының түрін көрсетіңіз?
7
Қабылдауда 5 жасар қыз, тексерісте «қолғап пен шұлық» типті перифериялық полиневритикалық түріне сәйкес сезімталдықтың барлық түрлерінің жоғалуы анықталды.Сезімталдық бұзылысының түрін көрсетіңіз
8
7 жасар қыз, бір апта бұрын нейроинфекциямен ауырғаннан кейін, аяқтарының дистальды бөлігінде ұю сезімі мен сезімталдықтың төмендеуіне шағымдана бастады.Бұл қандай синдром?
9
Емханаға жүгінген жасөспірім жүру кезіндегі теңселуге шағымданып келді, емханада қарау кезінде, оң қол мен аяқтың терең сезімталдығының бұзылуы, сенситивті атаксия анықталды.Жүйке жүйесінің зақымдалған құрылымдарын көрсетіңіз?
10
17 жастағы науқасты қарау кезінде дәрігер оның қолында күйіктен кейінгі көптеген тыртықтарды байқады. Қарап тексергенде: сол жақта бұғанадан кіндік деңгейіне дейін «жартылай күртеше» типті беткей сезімталдылық жоғалған.Сезімталдық бұзылысының қандай түрі?
11
Дәрігер жасөспірімді тексеру кезінде, дискриминация, екі өлшемді кеңістіктік сезім мен стереогноздың дамуындағы бұзылуларды анықтады. Балада сезімталдықтың қай түрі бұзылғанын көрсетіңіз:
12
Зерттеу кезінде Вебер циркулін қолдана отырып, тері тітіркенуіне бір мезгілде қолданылатын екі қабылдауды ажырату қабілетінің бұзылуын анықтады.Бұл сезім қалай аталады:
13
Мектепте дене тәрбиесі кезінде 7 -сынып оқушысының сол жақ аяғында қатты ауру сезімі пайда болды, жүрісі бұзылды. Объективті: гемигипестезия, гиперпатия, гемианопсия, сезімтал атаксия.Зақымдану деңгейі қандай?
14
Емханада зерттеу кезінде D9-D10 дерматомдар деңгейінде белдеме түріндегі беткей сезімталдықтың бұзылуы анықталды, терең сезімталдылық сақталған.Қандай зерттеу әдісі қажет?
15
Науқас көзі жабық қалпында сол қолымен сипау арқылы заттарды танымайды, бірақ олардың қасиеттерін сипаттай алады. Сезімталдықтың қарапайым түрлері бұзылмаған.Сезімталдық бұзылысының түрін көрсетіңіз?
16
Жасөспірімді көлік қағып кетті, нәтижесінде омыртқа аймағынан жарақат алды. Қабылдау бөлімінде тексергенде аяқтың спастикалық парапарезі, зәрдің жедел іркілуі анықталды.Қандай зерттеу әдісі ең қажет?
17
Науқас жүру кезіндегі сенімсіздікке шағымданды, көзін жұмған кезде жүрісінің бұзылыстары күрт күшейеді. Қарау кезінде терең сезімталдықтың бұзылуы, Ромберг қалпында тұрақсыздық анықталды.ЕҢ ықтимал синдром қандай?
18
Перифериялық (әлсіз) парезге тән ?
19
Қандай симптом орталық (спастикалық) салдануға тән?
20
3 жасар балада температураның жоғарылауы кезінде әлсіздік және сол жақ сан бұлшықеттерінің фибрилляциясы байқалды.Зақымдану деңгейін көрсетіңіз
и еще 180 вопросов