Психиатрия

⚠️ Тест решен студентами, могут быть неточности, перепроверяйте ответы

80
4 курс
education language
📅 21 дек 2022
👀 20
1
Науқас Н жасы 54, шаршаған, күйзелген болып көрінеді. Әңгімелесу кезінде аздап қызығушылық байқайды, басының ауруына, бастағы шуға, басының айналуына, шаршағыштыққа, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуіне, у-шуды және қапырықты көтере алмауына, ашушаңдыққа, жылағыштыққа, ұмытшақтыққа, көңілінің төмендеуіне эмоциональді түрде айтады. Әңгіменің тақырыбына байланысты көңілі тез өзгереді. Анамнезің айтқан уақыта шатасады.Зейнеткерлікке жетуіне көмек сұрайды.Төменде көрсетілген бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?Төменде көрсетілген бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
2
Әйел В жасы 40, музыка мұғалімі. Мінезі сезімтал,өзіне сенімсіз, қыңыр. Ортада өзін өзі көрсеткенді ұнатады. Белсенді болып өзің елге таңытады, бірақ от басында - ашушаң, ұрысқақ, қызғаншақ. Ауырудың өршуі екінші рет босанғаннан кейін басталды. Нәрестеге қарау үшін көп күшің жұмсайды. Күйеуінің туысымен ұрсысқан соң жылап, өмір сүргісі келмейтінің айтты. Сол сәтте онкологиялық ісікпен ауырдым деген ой келді. Өзінің ішінде онкологиялық ісіктің, өсіп және таралуын елестетті.Өз ойынан өзі қорқып, ол ойлардан арылғысы келеді,бірақ ол ойлар кетпейді, үрей мен қорқыныш пайда болды. Терапевт-дәрігерге барып қаралды, бірақ ол ауру дәлелденбеді. Аз уақытқа тынышталып, бірақ біраз уақыттан кейн суицидальды ойлар келді.Ол ойдың негісзсіз екенін біледі, бірақ ол ойдан арыла алмады. Дәрігерге келгенде қатерлі ауруның бар екенің және өлем деген ойының бар екендігін айтты.», өмір бойы Психиатриялық ауруханада өмір бойы қалып, д «ақылдан адасып кетемін деген ойлар пайда болды.Қандай синлромальді диагноз қоюға болады?
3
40 жастағы әйел әңгіме кезінде былай жауап берді: «Мен үнемі өмірім үшін қорқамын. Бір жағынан ештеңе жаманшылық болмайтынын білемін, бірақ екінші жағынан менің істеген ісім менің денсаулығыма жаман тие ме деп ойлаймын. Көшеде келе жатып, бір заттарды немесе ағаштарды, үйлерді, машиналарды анаймын. Дұрыс санасам, тынышталамын. Егер қателесіп кетсем, не күтіп тұр деген қорқыныш келеді. Жұмыс кезінде әсіресе ауыр. Бір істі бітіріп, дұрыс істедім бе деген күмән туады. Егер бір қателік жіберсем, әлсіздік, жүрек қағысы, діріл пайда болады. Бірақ ештеңе істей алмаймын. Бір жағынан жұмыс істеп, отбасымды асырауым керек, бірақ өз өмірім үшін қорқыныштан ештеңе істей алмаймын.Бұл науқасқа қандай ем керек?
4
Жалпы дәрігерлік тәжірибе дәрігеріне 70 жастағы әкесін қызы алып келді. Қызының айтуы бойынша көңілі төмендеген, үрейлі, мазасыз, ашуланшақ, ештең істегісі келмейді. Анамнезінде – 3 апта бұрын ауылды жерден қызына көшіп келген, бұрын әйелі қайтыс болған соң жалғыз өзі тұрған. Интеллектуальді-мнестикалық бұзылыс жоқ, метеотәуелділік анықталмады. Невропатолог «Дисциркуляторлы энцефалопатия», Терапевт – 1 саттағы Гипертониялық ауру» деген диагноз қойылған. Сіздің дәрігерлік тактикаңыз Жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша ҚР психиатриялық көмек көрсету стандарты бойынша қандай?
5
37 жастағы пациент метеоризмге, іш кебуіне, үлкен дәретінің бұзылуына шағымданап келді.Анамнез бойынша – 2 жылдан бері ауырады, себебін дұрыс тамақтанбаудан деп санайды. Гастроэнтеролог дәрігерге қаралған, ештеңе табылмаған. Объективті түрде – патология жоқ. 2 жыл бұрын 15 жыл тұрмыс құрған күйеуімен ажырасқан, күйеуі басқа отбасын құрған.Сіздің дәрігерлік тактикаңыз Жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша ҚР психиатриялық көмек көрсету стандарты бойынша қандай?
6
Науқас әйел, 48 жасында ауыра бастаған. Есте сақтау қабілеті төмендеген, өз заттарын таба алмайтын болған, ақша санай алмай, біртіндеп өз бетімен жуына алмай, киіне алмайтын болды. Тамақ іші кезінде не істерін білмейді, қасықты қайда қоярын білмейді. Жазу кезінде жаза алмай сызып тастаған.Қандай ауруға тән:
7
48 жастағы ер адам, анамнезінде – бас ми жарақаты бар. Есте сақтау қабілетінің төмендеуі, бұрынғы білімдерінің азаюы, жаңа білім ала алмайды. Ашушаң, ызақор, өз өзін ұстай алмайды, дөрекі, агрессивті. Жан жағындағылармен үнемі ұрсысады, өз айтқанын істетуге тырысады.Төменде көрсетілген диагноздың қайсысы дұрысырақ?
8
74 жастағы әйел. Ұмытшақ, мазасыз, үрейлі бола бастады. Жан жағындағы жағдайды, өз балаларының атын ұмытты. Егер жалғыз қалса киімін түйіп алып, халатын тығып, заттарын біреу ұрлады деп айтады. Есте сақтау қабілетінің төмендеуіне байланысты анамнез жинау мүмкін емес.Қандай препарат тағайындаған дұрыс?
9
Әйел 70 жаста. Зейнеткер, бұрын ЖОО да мұғалім болған. Бүгінгі күнді, болған жағдайды есіне сақтай алмайды, учаскелік психиатрға кеше студенттермен тауға бардым деп айтты. Жақсы көңілі тез бұзылып жылап жібереді, ашуланады. Бірақ моральді-этикалық жағынын сақталған. Анамнезінде бас ми жарақаты, соматикалық ауруы бар.Қандай ем тағайындаған дұрыс?
10
82 жастағы әйел өз балаларын, немерелерін танымайтын болды, ұлына агрессия көрсетті. Өз қызын «анам» деп санады, киімдерін жинап алып тұрмысқа шықпақ.Бала кезіндегі жағдайлар есінде, қазір болған жағдайды ұмытады.Өз пәтерінде адасып журеді. Түнгі ұйқысы бұзылған, шкафты ақтарып, заттарын салып алып кетпекші. Көңілі біресе жақсы, біресе ызалы. Өз өзіне қараай алмайды. Тәбеті жоғары.Қандай ем тағайындаған дұрыс?
11
Ер адам 44 жаста инженер, үйленген. Қарау кезінде тыныш, ешқандай шағым айтпайды. 25 жасынын бастап әрбір 2-3 жылда не мұңлы, не көңілді болып тұратын уақыттарды айтты. Бірнеше рет стационарда ем қабылдаған.Ем тағайындаңыз:
12
20 жастағы студент-биолог (тұқым қуалайтын ауруы жоқ), бір жеті бұрын ұйқысы бұзылды. Қозған, көп сөйлегіш. Алтын мен бриллианттың қоспасын таптым деп, соның көмегімен адамның ойын біле аламын деп айтқан.Сіздің диагнозыңыз:
13
Жедел қызметтегі солдат, 19 жаста, себепсіз тұйық болып, командирдің тапсырмасын орындай алмай, үнемі бір позада басын төмен ұстап отырады, тамақтан бас тартады, өз өзін кінәлімін деп санайды.Сіздің диагнозыңыз:
14
16 жастағы жас өспірім, үйден шықпайды, мектепке бармайды, ештеңе істемейді, шағым айтпайды, өзін саумын дейді. 8 классқа дейін өте жақсы оқыған, ұқыпты болған, ата анасына жақсы қараған. 8-класстан кейін дөрекіленіп, сабаққа ынтасы жоғалып, қаңғырып кететін болған.Сіздің диагнозыңыз:
15
48 жасар ер адам физика мұғалімі жасөспірім кезден күдікшіл болып өсті зертеулер жүргізіп жаңа формула тапқанынын айтты,өзінің мақалаларын әр түрлі ғылыми журналдарға жіберілді Бірақ жетістікке жетпеді. Коп деген ұйымдарға барып әділдік орнатуын талап етті.Өзімен келіспейтін ғалымдардан ағаттық іздеп отырды.Оларды жау санады.Аталған психикалық бұзылыстардың қайсысы ЕҢ ықтимал болып табылады, қандай ем қолданар едіңіз?
16
Ер адам 50 жаста, психожарақат әсерінен көңіл-күйі төмендеу фонында қимылдық қозу байқалады, қзін-өзі қоярға жер таппайды, үрей, мазасыздық, мұң байқалады. Өзін –өзі кінәлау, төмендету сандырақтарын айтады. Өзіне «у»беруін сұрайды, осылай ғана өзінің де басқалардың жаны жай табатынын айтады. Периодты түрде күрсінеді, жылайды, «өзін қоярға жер таппайды».Қозу түрін анаықтап, тиісті ем тағайындаңыз;
17
35 жастағы әйел, вирусты гепатитпен аурып қалам деген қорқынышқа шағымданады. 1,5 жыл бойы үйінің, өз қолының тазалығын қатаң қадағалайды. Қолдарын жиі жуады, спиртпен сүртеді, есікті қолғапсыз ашпайды. Шешім қабылдай алмайды, баяуланған, көп уақытын қол тазалауға кетіреді. Өзі жасаған әрекеттерінің нәтижесіз екенін түсінеді, осыны қауіптің алдын алу әрекеті деп түсінеді. Осы науқасқа қандай ем тиімді?
18
45 жастағы әйел, бұрын 2 рет психотерапиялық бөлімшеде емделген. Қабылдауда учаскелік дәрігерге 2 жылдан бері үрей, ұйқысының бұзылуы, беткей ұйқымазалайтынын, «қорқынышпен оянам, қайтадан ұйықтай алмаймын, мазасыздық, жүрек қағуы, ауру сезімі бар», «түнгі шабуылдар» мазалайтынын айтады. Көңіл күйі төмен, тұнжыраңқы. Өзін тұрақты түрде мазасыздықта екенін, серги алмайтынын айтады. Төменде көрсетілген қай диагноз ықтимал?
19
17 жасар науқас, емханаға анасының ілесуімен әлсіздікке, шаршағыштыққа, көңіл-күйінің төмендеуіне, үрей және мазасыздыққа, көңіл күйінің төмендеуіне ұйқысының бұзылуына шағымданып келді. Оның айтуы бойынша, қорқыныш пен ұрей шабуылдары 16 жасынан бастап басталған, өз бетімен басылып отырған, кейде тыныс алу гимнастикалары көмектескен. Ешқандай себепсіз басталған. 17 жасында сабақтарды жіберулеріне байланысты үрейі күшейіп, көңіл күйі төмендеген, «ешқандай жақсы нәрсе көрмеймін, үнемі мазасызданып тұрам»..Бірақ сабақтарын жақсы тапсыраннан кейін де көңіл күйі төмен болып, үрейленіп, 3 ай бойы ұйқысыздық мазалағандықтан учаскелік дәрігерге келген, ауруханаға госпитализацияға жіберілген.Төменде көрсетілген өай диагноз болуы мүмкін?
20
Науқас 70 жаста; емханаға шаршағыштыққа, ұйқысының бұзылуына, әлсіздікке, жылағыштыққа, басының ауруына, құлағындағы шуылға, үрейге, жағымсыз ойлар мазалауына шағымданып келді. Өмір анамнезінен: терапевт, кардиолог, невропатологта ЖИА, инфарктыдан кейінгі кардиосклероз, артериальды гипертензия 3, қауіп қатер тоб 2, Қантамырлық энцефалопатия 2 дәрежеде, тізе буындарының остеартрозы НФС 1-2 ст. Омыртқа остеохондрозымен есепте тұрады. Сан сүйегінің мойнының сынуына байланысты, тізе буындарын протездеуге байланысты ота жасалған. Психикалық статусында алғашқы орында естің жеңіл бұзылыстарымен мнестикалық бұзылыстар, назардың шашыраңқылығы мен қажуы, тітіркегіштікпен аффективті бұзылыстар байқалады. Айтылған қай диагнозға сәйкес келеді?
и еще 60 вопросов