Физиологияның барлық тіршілік иелеріне тән тіршілік процестері заңдылықтарын оқытатын бөлімі?
3
Жануарлардың жекеленген типтерінің, топтарының, кластарының физиологиялық қызмет ерекшеліктерін оқытатын физиологияның бөлімі?
4
Жануарлар дүниесі эволюциясы барысындағы организмнің тіршілік қызметтерінің пайда болуы мен дамуы ерекшеліктерін, сондай-ақ жануарлардың жаңа орта жағдайларына бейімделуі механизмін қарастырады?
5
Организмнің тіршілік әрекеттерінің жеке өсіп даму (онтогенез) процестерінің әр түрлі сатысындағы ерекшеліктерін, ондағы физиологиялық процестерінің өршуі мен бәсеңдеуі динамикасын оқытатын тарауы?
6
Биологиялық объектілердегі (тірі организмдердегі) автоматтандырылған процестерді басқару жөніндегі ілім?
7
Организмнің тіршілігі үшін маңызды және организмнің біртұтастығының ерекшелігі болып табылытын ішкі ортаның химиялық құрамы мен физико-химиялық қасиеттерінің тұрақтылығын не деп атайды?
8
Сыртқы орта әсеріне салыстырмалы тыныштық күйінен әрекет күйіне көшу арқылы жауап беру қабілеттілігі қалай аталады?
9
Медицина және физиологияның негізін қалаушы ғалым?
10
Физиологияның ғылым ретінде негізін қалаушы ғалым?
11
«Орыс физиологиясының атасы» деген кұрметті атаққа ие болған ғалым?
12
Мүйізді ірі қарадағы азықтың қарытылуын оқып үйренудегі қазақстандық физиологияның негізін қалаушы саналатын ғалым?
13
Созылмалы тәжірибені ғылыми зерттеулер негізіне енгізген ғалым?
14
И.П. Павловтың шығармашылық қызметінің бірінші кезеңі физиология ғылымының қай саласына арналды?
15
И.П. Павловтың шығармашылық қызметінің екінші кезеңі физиология ғылымының қай саласына арналды?
16
И.П. Павловтың шығармашылық қызметінің үшінші кезеңі физиология ғылымының қай саласына арналды?
17
«Орыс физиологиясының классигі» деп қай ғалымды атаймыз?
18
Лактацияны зерттеуге зор еңбек сіңірген қазақстандық физиолог ғалым?
19
Ресейдегі физиология ғылымында эксперименттік бағыттың негізін қалаушы ғалым?
20
Артериядағы қан ағысы жөнінде ең алғаш пікір айтқан ғалым?