37 жастағы әйел адам қызылиегінің тіс тазалағанда үнемі қанайтынына шағымданады. Қарағанда: қызылиегі қызарған, азу тістер мен алдыңғы күрек тістердің түбірлері жалаңаштанған. Пародонтальдық қалталардың тереңдігі 5,5-6 мм. Кейбір тістері 1-2 дәрежелі қозғалмалы. Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы неғұрлым сәйкес келеді?
2
18 жасар қыз қатты тағам шайнағанда, тісін тазалағанда қызылиегінің қанайтынына шағымданады. Қарап тексергенде: қызылиегі көкшілденген, қызылиек бүртігі өсіп, тіс сауытының 1/3 бөлігін жауып жатыр. Диагноз қою үшін төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысын қолданған неғұрлым дұрыс болады?
Пародонт тіндері арқылы жоғары жиілікті айнымалы электр тогы өткенде олардың кешенді электр қарсыластығының өзгерісін тіркейтін әдіс -?
5
Сүйек тінінің дыбыс өткізгіштігін уақытпен өлшейтін әдіс -?
6
55 жасар ер адам қызылиегінің қышып мазалайтындығына шағымданады. Қарағанда: екі жақ қызылиектері ақшыл-қызғылт түсті, жұқарған, пародонтальдық қалталар анықталмайды,тістерінің статикасы бұзылмаған. Тістер түбірлері 1/3 ұзындығына біркелкі ашылған. Аурудың диагнозын нақтылау үшін қандай тексеру әдісін қолданған тиімді?
7
Төменде көрсетілген әдістің қайсысы эхоостеометриялық әдістің мақсатына неғұрлым сәйкес келетіні?
8
Қызылиек фиброматозы деген ауру пародонт ауруларының қай тобына жатады?
9
Рентгенологиялық зерттеу кезінде жасы 54-тегі әйел адамның жақ сүйектерінің ортопантограммасында тістерінің желпіуішке ұқсап орындарынан ауысқаны, альвеола өсіндісінің біркелкі емес, аралас 1/2 денгейіне дейін сорылғаны анықталды, түбірлер бойымен орналасқан терең сүйек қалталары бар. Альвеола өсіндісінің сақталған бөлігінде жайыла кеуектену үрдісі орын алған.
10
Жақ сүйегінің ортопантограммасында тістераралық қалқандар ұшында кеуектену және тығыз сүйек пластинасында бұзылыстар байқалады. Науқастаң жасы 36-да, ер адам. Рентгеологиялық сипаттама төменде көрсетілген аурулардың қайсысына неғұрлым сәйкес келеді?
11
Стоматологиялық клиникаға келген 18-дегі бозбала қызылиегінің ылғи толассыз сыздап ауыратынына, ас қабылдағанда ауру сезімініңкүшейетініне, қатты қанағыштығына шағымданады. Бұл жағдай екі аптадан аса уақыт мазалапты. Қарап тексергенде: өңі бозарған, дене қызуы 37,5°С, жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, сипап байқаса ауырады және қозғалмалы. 48, 47, 46, 45, 44, 43 тістер аймағындағы қызылиек аздап қызарған, жиектері мен бүртіктері кір-сұр түсті оңай алынатын өлі-етті қақпен жабылған. Ауыз іші сауықтырылмаған. Тістер бетінде көп мөлшерде жұмсақ қақтар бар. Анықталған клиникалық белгілер қандай ауруға тән?
12
Пародонт ауруы кезінде формалиндік сынаманың көмегімен қандай мәлімет алуға болады?
13
Терең пародонтальдық қалталарды таяздандыру үшін олардың қызылиек жақ қабырғаларының біраз бөлігін кесіп алғаннан кейін кюретаждау жүргізіледі. Бұл хирургиялық әдіс қалай аталады?
14
Тактильдік сезімталдыққа сүйене отырып пародонтальдық қалталарды тазалайтын әдіс қалай аталады?
15
Пародонт тіндерінің микроциркуляторлық арнасының жағдайын бағалау үшін қандай әдісті қолданған неғұрлым дұрыс?
16
Төменде көрсетілген хирургиялық емдеу шараларының қайсысы жүргізген неғұрлым тиімді?
17
Пародонт ауруын емдеу қағидасы белгіленген уақыт аралығында ортопедиялық, хирургиялық емдеу курсын қарастырады. Осы қандай қағида:
18
Пародонт ауруын емдеу жергілікті және жалпылай емдеу шараларын қарастырады. Осы емдеу қандай қағидаға тән:
19
Пародонтоз кезінде альвеола өсіндісінің сүйек тінінде қандай патологиялық үрдіс орын алады:
20
Қызылиек бозғыл-қызғылттау түсті,көптеген тістер түбірлері бірдей деңгейде ашылған, аздаған тіс шөгінділері анықталады. Жоғарғы жақ сүйір тістерден екінші үлкен азу тістерге дейін мойын бөліктерінде сынаға ұқсас ақаулар бар. Келтірілген клиникалық белгілер төменде келтірілген аурулар диагнозының қайсысына неғұрлым тән: