Стоматология (гос. экзамен общий)


326
4 курс
education language
📅 12 июн 2022
👀 30
1
Емханаға алдын-ала қаралу мақсатында 20 жастағы науқас келді. Ауыз қуысын қараған кезде 3.3 тістің мойын аймағында жылтырлығын жоғалтқан ақ бор тәрізді дақ анықталды. Зондтау кезінде зонд оңай жылжиды, ауырсыну жоқ. Кариесмаркерді жаққан кезде дақ көкшіл түске боялды. Диагноз қойып, аталған тісті рациональды емдеу әдісін анықтаңыз.
2
Емханаға 32 жастағы науқас Т., тәттіден және қышқылдан болатын қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданып келді. Ауыз қуысын қараған кезде: 1.7 тістің шайнау беткейінде жүлгелер аймағында эмаль деңгейіндегі жегіленген қуыс анықталды. Қуыс түбін зондтау ауырсынусыз. ЭОД= 6 мкА. Клиникалық диагноз қойып, емдеу әдісін таңдаңыз.
3
29 жастағы науқастың ауыз қуысын тексеру барысында 1.4 тістің мойын аймағындағы жегіленген қуыс анықталды, қуыс түбі дентин деңгейінде орналасқан. Тіс түсі өзгермеген. Қуыс түбін зондтау-ауырсынусыз, қабырғалары бойымен ауырсынады. Перкуссия ауырсынусыз. ЭОД=10 мкА. Клиникалық диагноз қойып, емдеу әдісін анықтаңыз:
4
Емханаға 46 жастағы науқас Р. төменгі жақ аймағындағы өздігінен болатын ұстамалы ауырсынуға шағымданып келді, ауырсыну құлақ аймағына таралып, түнге қарай күшейе түседі. Себепші тісті дәл көрсете алмайды. Ауыз қуысын қараған кезде: 3.6 тістің шайнау беткейінде терең тіс жегі қуысы анықталды, қуыс түбін зондтау ұзақ мерзімді ауырсынады. Қуыс түбі мен жиектері жұмсақ, дентин сарғыш түсті, оңай алынады. Температуралық тітіркендіргіштер ұзақ мерзімді баяу басылатын ауырсыну тудырады. Перкуссия ауырсынусыз. Алғашқы диагноз қойып, диагностика әдісін анықтаңыз:
5
Емханаға 25 жастағы науқас тағам қабылдау кезіндегі 1.7 тістің қансырауына шағымданып келді. Ауыз қуысын қараған кезде: 1.7 тістің шайнау бетінде өсіп кеткен тінге толы тіс жегі қуыс анықталды, зондтағанда аздап ауырсынады және қансырайды. Перкуссия ауырсынусыз. Диагноз қойып, диагностика әдісін анықтаңыз:
6
Емханаға 36 жастағы науқас 3.6 тістің тұрақты сыздап ауыратынына шағымданып келді. Тіс бұрын емделген. Ауыз қуысын қараған кезде: төменгі жақтың сол жақ жұмсақ тіндерінің ісінуі салдарынан беті асимметриялы, сол жақ жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Ауыз ашылуы ауырсынады. 3.6 тіс сауыты пломбамен жабылған, қызылиектің шырышты қабығында қан-ірің аралас экссудаты бар жыланкөз жолы анықталады. Рентгенограммада: медиальды түбір өзектері түбірұшына дейін толық обтурацияланбаған. Медиальды түбірінің ұшында сүйек тінінің "от жалыны" тәрізді гомогенді жарықтану ошағы анықталады. Диагноз қойып, алғашқы емдеу сатысын анықтаңыз:
7
Емханаға 35 жастағы науқас жоғарғы жақ тісінің тістегенде күшейе түсетін ауырсынуға шағымданып келді. Бұрын кей мезгілде ауырсыну болған, бірақ стоматологиялық көмекке жүгінбеген. Күннен күнге күшейе түскен ауырсыну 4 тәулік бойы мазалайды. Ауыз қуысын қараған кезде: 2.6 тістің сауыт түсі өзгерген, шайнау бетінде тіс жегі қуыс анықталады. Зондтау ауырсынусыз, перкуссия күрт ауырсынады. ЭОД=105 мкА. Алғашқы диагноз қойып, диагностика әдісін анықтаңыз:
8
Емханаға 25 жастағы науқас 1.4 тісінің тұрақты сыздап ауырсынуына, тістеген кезде ауырсыну күшейіп, "тіс " өсіп кеткен сезімі пайда болатынына шағымданып келді. Анамнезінде: 2 күн бұрын жарақат алған. Қараған кезде тіс интактты, түсі өзгерген. Тістің тігінен және көлденеңінен перкуссиясы күрт ауырсынады, өтпелі қатпары тегістелген, шырышты қабық қызарған, ісінген, пальпацияда ауырсынады. ЭОД-110 мкА. Алғашқы диагноз қойып, диагностика әдісін анықтаңыз:
9
Емханаға науқас Н., 59 жаста, тіс тазалағанда және тағам қабылдаған кезде болатын қызылиектің қансырауына, қызылиек емізікшелерінің ұлғаюына шағымданып келді. Ауыз қуысын қараған кезде: 4.4,4.3,4.2,4.1,3.1,3.2,3.3,3.4 тістер аймағында ұлғайып өсіп кеткен көкшіл түсті қызылиек емізікшелері анықталады, олар тіс сауыттарының 1/3 биіктігіне дейін жапқан, тиген кезде оңай қансырайды. Рентгенограммада өзгерістер жоқ. Алғашқы диагноз қойыңыз:
10
Науқас Р., 42 жаста, ауыз қуысындағы жағымсыз иіс пен тіс тазалаған кездегі қызылиектің қансырауына шағымданып келді. Созылмалы гастрит диагнозымен диспансерлік бақылауда тұрады. Ауыз қуысын қараған кезде: қызылиектің шырышты қабығы цианозды, зондтағанда оңай қансырайды. Кейбір тістер аймағында тереңдігі 3,5 мм-ге дейін пародонтальды қалталар анықталады. Қызылиекүсті және -асты тіс шөгінділері бар. Алғашқы диагноз қойып, бірінші емдеу сатысын анықтаңыз:
11
Науқас Л., 25 жаста, тіс тазалаған кезде қызылиектің қансырауына, ауыз қуысындағы жағымсыз иіске шағымданып келді. Жүктіліктің 32 аптасы. Науқас айтуы бойынша қызылиектің қансырауы 6 айдан бері мазалайды. Ауыз қуысын қараған кезде: жоғарғы және төменгі күректістер мен иттістердің аймағында көкшіл түсті гиперемияланған және болбыр қызылиек емізікшелері анықталады, зондтағанда қансырайды, пародонтальды қалталар байқалмайды. Қызылиекүсті тіс шөгінділері көп мөлшерде. Алғашқы диагноз қойыңыз:
12
Науқас О., 50 жаста, қызылиектің қышуына,тістердің тактильді, термиялық және химиялық тітіркендіргіштерге аса сезімталдығына шағымданып келді. Ауыз қуысын қараған кезде: қызылиек тығыз, ақшыл-қызыл түсті. Шайнау тістерінде сына тәрізді ақаулар анықталады. Тіс түбірлері 2/3 ұзындығына дейін ашылған, тістер тұрақтылығын сақтаған. Рентгенограммада тісаралық перделердің 2/3 биіктігіне дейін біркелкі төмендеуі, остеопороз және остеосклероз ошақтарының кезектенуі анықталады. Алғашқы диагноз қойыңыз:
13
Науқас К., 37 жаста, таңғы уақытта мазалайтын қызылиектегі қышу сезіміне шағымданады. Науқастың айтуы бойынша қызылиектегі қышу сезімі 2 ай бойы мазалайды. Ауыз қуысын қараған кезде: қызылиектің шырышты қабығы ақшыл-қызыл түсті, пальпацияда тығыз. Кіші азутістер мен үлкен азутістердің мойын аймағындағы сына тәрізді ақаулар эмаль деңгейінде анықталады. Рентгенограммада компактты пластинканың сақталуымен альвеолааралық перделердің биіктігінің 1/3 деңгейге дейін біркелкі төмендеуі анықталады. Алғашқы диагноз қойыңыз:
14
Емханаға науқас В., 25 жаста, тісін тазалағанда қызылиектің кейбір уақытта қансырауына шағымданып келді. Ауыз қуысын қараған кезде: қызылиек пен тісаралық емізікшелердің шырышты қабығы көкшіл түстес гиперемияланған, болбыр, тістерге тығыз бекімеген. Қызылиекүсті тіс шөгінділері анықталады. Тісқызылиектік байлам бұзылмаған. Рентгенограммада: жоғарғы және төменгі жақтың альвеолярлы өсінділерінің сүйек тінінде өзгерістер анықталмады. Алғашқы диагноз қойыңыз:
15
25 жастағы науқас Р., емханаға төменгі еріннің құрғауына және қабыршақтануына шағымданып келген. Қарап тексергенде: төменгі еріннің шырышты қабығының Клейн сызығы аймағында шырышты бездерінің шығару түтіктерінің кеңеюі анықталады, олардан тамшы түрінде сілекей бөлінуі байқалады. Алғашқы диагноз қойыңыз:
16
39 жастағы науқас К., сөйлеген және тамақ қабылдаған кезде күшейе түсетін ауыз қуысының шырышты қабығының күйдіру сезіміне, әлсіздікке, дене температурасының 38 С дейін көтерілуіне шағымданып келген. Науқастың айтуы бойынша созылмалы тонзилитпен диспансерлік бақылауда тұрады. Тері жабындылары бозғылт түсті, иық пен тізе терілерінде, ортасында қанды қабыршақпен эритематозды дақтар байқалады. Еріндердің қызыл жиегі ісінген, қанды қабықтармен жабылған. Жақасты лимфа бездері үлкейген, сипап тексергенде ауырсынады. Екі ұрт, ерін, ауыз қуысы түбінің шырышты қабығында фибринозды қақпен жабылған эрозиялар байқалады. Алғашқы диагноз қойыңыз:
17
Емханаға 36 жастағы науқас Н., қатты таңдай аймағының тағам қабылдағанда және тістерін тазалағанда күшейе түсетін ауыратынына шағымданып келген. Науқастың айтуы бойынша ыстық тағамды байқаусыз қабылдағаннан кейін пайда болған ауру сезімдері 2 тәулік бойы мазалайды. Ауыз қуысын қарағанда: қатты таңдайдың шырышты қабығы қызарған, ісінген, бетінде пішіні дұрыс емес фибринозды қақпен жабылған эрозия аймақтары анықталады. Төменгіжақасты лимфа бездері үлкейген. Алғашқы диагноз қойыңыз:
18
47 жастағы науқас Ю., тілдің күю сезіміне, аузынан жағымсыз иістің шығуына, ыстық және ащы тағам қабылдаған кезде тілдің ауыратынына шағымданып келген. Ауыз қуысын қарағанда: тілдің барлық беткейінде бұдырлы, әртүрлі тереңдіктегі ұсақ жүлгелер анықталады. Тіл қалыңдаған және көлемі үлкейген. Тілдің шырышты қабаты өзгермеген, бүртіктері сақталған. Тілдің қатпарлары арасында тағам қалдықтары жиналған. Алғашқы диагноз қойыңыз:
19
Клиникаға 54 жастағы Л.есімді науқас сол жақ төменгі жағының жұмсақ тіндері аймағындағы ісінуге, ауырсынуға, дене температурасының 37,8С-ге дейін жоғарылағанына шағымданып келген. 4.6 тісінің ауырғанына 3 тәулік өткен, 2 тәулік бұрын ісік пайда болған. Объективті: сол жақ төменгі жағының жұмсақ тіндерінің ісінуі нәтижесінде бетінің асимметриясы, терісі гиперемиялы, ісінген. Пальпация ауырсыну туындатады. Ауызды ашу ауыртады. 4.6 тістің тіссауыты 2/3-ге бұзылған, перкуссия ауырсыну туындатады. Переходная складка на уровне 4.5, 4.6, 4.7 тістер деңгейінде ауыспалы қатпарлар жазылған, гиперемиялы, ісінген, кернеулі. Пальпация жасау ауыртады.Болжамды диагноз қойыңыз және диагностика әдісін анықтаңыз:
20
Клиникаға 37 жастағы Е.есімді науқас сол жақ төменгі жақ аймағындағы ісінуге шағымданып қаралған. 3.6 тісінің ауырғанына 12 тәулік өткен. Объективті: сол жақ төменгі жақтың тығыздануы әсерінен беті асимметриялы, терісінің түсі өзгермеген. Пальпация ауырсыну туындатады. Аузын еркін ашады. 3.6 тістің тіс сауыты 2/3-не дейін бұзылған. Перкуссия ауырсыну туындатады. Ауыспалы қатпар бозғылт-қызғылт түсті, жазылған. Пальпация аздап ауыртады. Рентгенограммада 3.6 тістің периодонталды саңылауының кеңеюі байқалады, түптер бифуркациясы аймағында деструкция ошағы. Болжамды диагноз қойыңыз:
и еще 306 вопросов