Хир стом (6 курс)


180
4 курс
education language
📅 26 дек 2021
👀 12
1
Бет – жақ аймағындағы актиномикозды емдеу кезінде қолданылады:
2
Эпидемиялық паротиттің инфекциялық таралу жолдары:
3
Ер адам Р., 25 жаста, бетінің ісінуіне, басын игенде пайда болатын ауырлық сезіміне, оң жақ мұрнының бітелуіне, тісіндегі сыздайтын ауыру сезіміне, басының ауыратындығына, жалпы әлсіздікке шағымданды. Осы шағымдарының пайда болғанына 5 ай болды. Қарап тексергенде: оң жақ бетінің ісінуінен беті асимметриялы, айбат шұңқырының пальпациясы ауырады. 1.6 тісі пломбаның астында, перкуссиясы ауырады. Рентгенограммада: оң жақ гаймор қуысының қараюы анықталды және 1.6 тіс түбірлерінің айналасындағы сүйек тіні анық шекарасыз сорылған. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс болар еді?
4
Ер адам Т., 30 жаста, төменгі сол жақ асты сүйегінің ауыратындығына және ісінгеніне, жұтынғанда ауыратындығына, аузының шектеліп ашылатындығына, дене температурасының 38,5 дейін көтерілгеніне шағымданды. Қарап тексергенде: төменгі сол жақ сүйегі бұрышының маңында қатты ауыратын инфильтрат себебінен беті асимметриялы. Ауыз ашылуы шектелген. Ауыз қуысында: ретромоляр аймағы мен қанатша төменгі жақ қатпары гиперемирленген, ісінген, тығыз және ауыратын инфильтрат бар. R-граммада: 3.8 тіс вертикальді орналасқан, ретромоляр кеңістігі теріс.Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс болар еді?
5
Бозбала Д., 18 жаста, бірнеше ай бойы жоғарғы оң жақ сүйегіндегі тісінің периодты түрде сыздап ауыратынына шағымданды. Қарап тексергенде альвеола өсіндісінде, 12 тістің түбір ұшы маңында жыланкөз анықталды, жыланкөзден бөлініс жоқ, 1.2 тіс пломбаның астында, перкуссиясы сәл ауырады. Ауыз қуысының шырышты қабаты ақшыл-қызғылт түсті. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс болар еді?
6
Ер жігіт Л 32 жаста, 10 куннен бері жоғарғы оң жақ жұлынған тісінің орны ауыратынына шағымданады. Сыртқы бет әлпетінде өзгеріс жоқ жұлынған 1,4 тісінің ұяшығы эпителизациялану сатысында, шырышты кабаты ақшыл-қызыл түсті, жулынған тіс орнындағы ұяшық аймағы сипап тексергенде ауырмайды. Төменде келтірілген нақтамдардың қайсысы дұрыс?
7
Н есімді 35 жастағы әйел адам 3 күннен бері сол жақ мұрын-ерін қатпары аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: сол жақ мұрын-ерін қатпары аймағында ауырмалы инфильтрат, терісі қызарған, инфильтрат ортасында іріңді-некротикалық стержень жіне тіндер ісінген. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
8
Клиникаға 20 жасар науқас, құлақ сырғалғын 1 жыл бұрын тескеннен кейін, түйін пайда болуына шағымданып келген. Қарап тексергенде: құлақ сырғалығы ұлғайған, сипап тексергенде ауыру сезімінсіз, сопақ пішінді, терімен байланысқан, тығыз сіңбе анқталады. Төменде келтірілген нақтамдардың қайсысы дұрыс?
9
55 жасар науқас жоғарғы жағында жұлынған тіс аймағында пайда болған тұрақты, қатты, ұзаққа созылатын ауыру сезіміне, ол ауыру сезімінің бүкіл альвеола өсіндісіне таралып, күю сезімі мен қызылиегінің, тістерінің, ұртының гиперестезиясына шағымданды. Қатты тағам қабылдағанда ауыру сезімі басылады. Ауыруының басталуын 6 ай бұрын жұлынған тісімен байланыстырады. Қарап тексергенде: Сыртқы көрінісі өзгеріссіз. Жұлынған 2.5 тіс маңындағы шырышты қабаты ақшыл-қызғылт түсті, пальпация сәл ауырады. Төменде берілген диагноздардың қайсысы осы ауруға ТӘН?
10
70 жасар әйел жоғарғы оң жағындағы ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданды. Ауыру сезімі жедел басталып, 1-2 минутқа созылады, ауыру сезімі мұрын қанатына немесе жоғарғы ерніне тиіп кетсе басталады. Ауыру пароксизмдері жас бөлінумен жүреді. Ұстама кезінде науқас тұрған қалпында қимылдамай тұрады. Ұстамалар күніне 15-20 рет болады, ұстамалар арасында ауыру сезімі жоқ. Ауырғанына 7 жыл болды. Сыртқы көрінісінде өзгеріс жоқ. Ауыз қуысы санацияланған. Тіс қатарларының шектелген ақаулары бар. Тістемі бекітілген. Төменде берілген диагноздардың қайсысы осы ауруға ТӘН?
11
40 жастағы әйел таңертең қатты тағам жегеннен пайда болған аузының шектеліп ашылуына шағымданды. Соңғы 2 жылда бірнеше рет қайталанды, бірақ науқас төменгі жақ сүйегін бірнеше бағытта қозғалтқанда, жақ сүйектің қызметі қалпына келді. Қарап тексергенде: аузы 0,5 см. Ашылады. Шықшыт буынының және шайнау бұлшықеттерінің пальпациясы ауырмайды. Төменде берілген диагноздардың қайсысы осы ауруға ТӘН?
12
Ер адам П., 27 жаста, жоғарғы оң жақ сүйегі қызыл иегіндегі ауыру сезімі мен ісінуіне шағымданды. Тісі бұрын емделмеген, бір жыл бұрын қызылиек деңгейінен сынып кеткен. Соңғы үш күн ауыра бастады. Қарап тексергенде: беті симметриялы, жақ асты лимфа түйіндері ұлғаймаған. Аузы еркін ашылады. 1.2 тіс маңындағы шырышты қабат сәл гиперемирленген, ісінген. Түбірдің перкуссиясы қатты ауырады. Рентгенограммада: тіс түбір ұшының маңындағы сүйек тіні айқын шекаралы, анық контурлармен, диаметрі 0,3см дейін сорылған. Емдеудің қандай әдісін қолданған дұрыс болар еді?
13
Ер адам Р., 25 жаста, бетінің ісінуіне, басын игенде пайда болатын ауырлық сезіміне, оң жақ мұрнының бітелуіне, тісіндегі сыздайтын ауыру сезіміне, басының ауыратындығына, жалпы әлсіздікке шағымданды. Осы шағымдарының пайда болғанына 5 ай болды. Қарап тексергенде: оң жақ бетінің ісінуінен беті асимметриялы, айбат шұңқырының пальпациясы ауырады. 1.6 тісі пломбаның астында, перкуссиясы ауырады. Рентгенограммада: оң жақ гаймор қуысының қараюы анықталды және 1.6 тіс түбірлерінің айналасындағы сүйек тіні анық шекарасыз сорылған. Емдеудің қандай әдісін қолданған дұрыс болар еді?
14
Бозбала Д., 18 жаста, бірнеше ай бойы жоғарғы оң жақ сүйегіндегі тісінің периодты түрде сыздап ауыратынына шағымданды. Қарап тексергенде альвеола өсіндісінде, 12 тістің түбір ұшы маңында жыланкөз анықталды, жыланкөзден бөлініс жоқ, 1.2 тіс пломбаның астында, перкуссиясы сәл ауырады. Ауыз қуысының шырышты қабаты ақшыл-қызғылт түсті. Төменде берілген зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізген дұрыс болар еді?
15
Бозбала Д., 18 жаста, бірнеше ай бойы жоғарғы оң жақ сүйегіндегі тісінің периодты түрде сыздап ауыратынына шағымданды. Қарап тексергенде альвеола өсіндісінде, 12 тістің түбір ұшы маңында жыланкөз анықталды, жыланкөзден бөлініс жоқ, 1.2 тіс пломбаның астында, перкуссиясы сәл ауырады. Ауыз қуысының шырышты қабаты ақшыл-қызғылт түсті. Рентгенограммада – түбір ұшы маңында шекаралары анық емес сүйек тінінің сорылуы анықталды. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын қолданаған дұрыс болар еді?
16
Н есімді 35 жастағы әйел адам 3 күннен бері сол жақ мұрын-ерін қатпары аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: сол жақ мұрын-ерін қатпары аймағында ауырмалы инфильтрат, терісі қызарған, инфильтрат ортасында іріңді-некротикалық стержень жіне тіндер ісінген.Төменде көрсетілген іс-шаралардың қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс болады?
17
К есімді әйел адам, 38 жаста, оң жақ ұртының шырышты қабатында жараның болуына шағымданадыпайда болғанына 10-12 күн болған, ауырмайды. Қарап тексергенде: оң жақ ұртының шырышты қабатында қанық-қызыл түсті жарасы бар, домалақ пішінді, ауырмайды, негісі шеміршек тәрізді.Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
18
К есімді жігіт, 36 жаста, тіс шөгінділеріне шағымданады. Объективті: қызыл иек бүртіктері әлсіз қызарған, ісінген, төменгі алдынғы тістер аймвғында 2,5-3 мм патологиялық қалта анықталды және жоғарғы және төменгі жақ тістерінде қатты шөгінділер қызыл иек астынан және үстінен анықталды. Төменде көрсетілген операциялық жолдардың қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
19
К есімді жігіт, 46 жаста, дәрігер стоматолог-ортопедке ортопедиялық ем алу мақсатымен қаралды. Қарап тексергенде дәрігер 45,44,34,35 жоқ тістерінің альвеолярлы өсіндісінің тіл жақ беткейінде сүйектің шығынқы өткір қырларын анықтады.Төменде көрсетілген операциялық жолдардың қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
20
42 жастағы әйел косметикалық ақауға шағымданады. Жарты жыл бұрын беттің термиялық жарақатын алды. Қарап тексергенде оң жақ бетінде тыртық анықталды, 3 дәрежелі қабағының тыртығы бар. Тыртықтарды бірнеше кезеңде жою жоспарланды. Алғашқы ота төменгі қабағының тыртығын жою үшін жүргізілмек.Науқасқа төменде келтірілген оталардың қайсысын тағайындаған жөн?
и еще 160 вопросов