Хирургия (6 курс)


248
4 курс
education language
📅 1 янв 2022
👀 12
1
Ауыздың жедел герпестік қабынуы кезінде жүргізілген цитологиялық зерттеу арқылы анықталатын жасушалар:
2
Туберкулездің милиарлы-жаралы түрінде цитологиялық зерттеу арқылы анықталатын жасушалар:
3
Туберкулез жегісіне тән біріншілік инфильтративті бөртпе:
4
27 жастағы емделуші ауыз ішінің қатты ауыратындығына, аузын ашу қиындағанына, буындарының сырқырап, еттерінің сыздап, басының ауыратынына, дене қызуының 38 градусқа дейін көтерілгеніне шағымданып келді. Қарап тексергенде:ауыз іші кілегейлі қабығы қатты қызарып домбыққан, еріндер, ұрттар және тілдің кілегейлі қабық беттерінде әр түрлі көлемді беттері ақ-сары түсті фибринді қақпен жабылған эрозиялы ошақтар анықталды. Білектің сыртқы бетінде диаметрі 2см домалақ пішінді қызыл-көкшіл түсті бөрткендер анықталады. Кейбір бөрткендердің орта бөліктерінде қанды сары сулы көпіршіктер немесе қызғылт қоңырлау түсті қабықшалар ( кокарда симптомы) анықталды. Сиптталған клиникалық белгілер төмендегі аурулардың қайсысына тән?
5
25 жастағы емделуші тілінің пішінінің өзгергеніне шағымданып келді. Тілінің ұшында кілегейлі қабықта ені 8 мм дей жиектері көтеріңкі, ашық қызыл түсті домалақ пішінді ауырмайтын ақау анықталды. Сипап тексергенде ақаудың табаны қатты шеміршек консистенциялы. Бұл құрылым қандай бөрткенге жатады?
6
Жасы 30-дағы әйел ас қабылдағанда , сөйлегенде тілінің ауыратынына шағымданады . Соңғы кезде бойын әлсіздік билегенін , түнге қарай дене қызуының көтерілетінін, жиі терлейтінін, биікке көтерілгенде ентігетінін айтады . Қарап тексергенде: тілінің үстінде шағын көлемді жиегі тегіс емес , су шайған өзен жағасына ұқсас жаралы ошақ анықталды. Табаны тегіс емес, сары түйіршікті құрылымдар жапқан, оңай қанайды. Аурудың болжамды диагнозын қойыңыз:
7
Жасы 25-тегі емделуші стоматологқа тілінің үстіндегі түсініксіз өзгерістерді байқағанын айта келді. Қарап тексергенде: тілінің үстінде ақшыл-сұр түсті, көлемдері әртүрлі, беті тегіс және бүртіксіз ошақтар ойдым-ойдым шабылған шабындыққа ұқсас . Сипап байқағанда ошақтар консистенциясы тығыз және ауырмайды . Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған . Аурудың диагнозын нақтылау үшін алғаш жүргізілетін қосалқы тексеру әдісі :
8
Жасы 30-дағы емделуші стоматологқа тілінің үстіндегі 2 апта бұрын байқаған өзгерістерді көрсетуге келген . Бірақ ауырсыну белгілері мазаламаған . Тілді қарап тексергенде тіл үстінің артқы бөлігінде беті тегіс ақшыл-сұр түсті, әртүрлі көлемді ендері 6-7 мм қосыла орналасқан бірнеше ошақ анықталды , тіл бүртіктері семіп жойылған . Төңірегіндегі тіндердің рельефі сақталған және жарақат ошақтарынан биіктеу . Сипап байқағанда ошақтар аймағы тығыз консистенциялы Аурудың салыстырмалы диагностикасын төмендегі аурулардың біреуінен басқасының бәрімен жүргізеді :
9
Жасы 60-тағы әйел стоматологқа ауыз ішіне ауырғыш бөрткендер шығып, ас қабылдауының, сөйлеуінің қиындағанына шағымданып келді . Қарап тексергенде оң жақ ұртының, қатты таңдайының түсі өзгере қоймаған кілегейлі қабығында әртүрлі көлемді, шикі ет түстес 3-4 эрозиялы ошақтар анықталды. Бір эрозия беті әлі ашылмаған, жұмыртқаның жұқа ішкі қабығындай қабықпен жабылған . Қысқышпен ұстап тартса оңай алынады және біраз жерге дейін сыдырылады. Төмендегі алғашқы диагноздардың қайсысы бұл клиникалық көрініске көбірек сай келеді?
10
60-тағы қарт әйел стоматологқа ауыз ішіне ауырғыш бөрткендер шығып , ас қабылдауының , сөйлеуінің қиындағанына шағымданып келді . Қарап тексергенде оң жақ ұртының , қатты таңдайының түсі өзгере қоймаған кілегейлі қабығында әртүрлі көлемді шикі ет түстес эрозиялы ошақтар анықталды. Бір эрозия беті әлі ашылмаған, жұмыртқаның ішкі қабығындай жұқа қабықпенпен жабылған . Қысқышпен ұстап тартса оңай алынады және біраз жерге дейін сыдырылады. Бұл ауру кезінде цитологиялық зерттеу жүргізсе қандай жасушалар анықталуы мүмкін?
11
Жасы 40-тағы әйел стоматологқа аузының ішіне бөрткендер шығып , қатты ашып ауыратынына , тәтті , қышқыл тағамдар жеудің , сөйлеудің қиындағанына шағымданып келді . Қарап тексергенде : ауыз табанында , қатты таңдайында үлкен көлемді , анық шекарасыз, беті таза шикі ет түстес эрозиялы ошақтар анықталады . Таңдайдағы эрозияның жиегінде эпителий үзіктері сақталған. Пинцентпен қысып алып тартса , эрозия төңірегіндегі өзгермеген кілегейлі қабық бетіндегі эпителий қабаты сыдырыла бастады . Бұл қандай симптом ?
12
Дәрігер стоматологқа жасы 45-тегі әйел ауызының ішіне жаралы бөрткендер шығып , ас қабылдауын , сөйлеуін қиындатқанына шағымданып келді . Өзін 2 апта шамасында науқаспын деп санайды . Қарап тексергенде : төменгі алдыңғы тістер , жоғарғы екі жақ азу тістер тұсындағы ауыспалы қатпарларда үлкен көлемді белгілі пішінсіз қошқыл қызылдау түсті эрозиялар анықталды , жиектерінде жабынды эпителий үзіктері сақталған , үзікті қысқышпен қысып алып тартса , өзгере қоймаған эпителий қабаты сыдырыла бастайды . Соңғы күндері күлбіреуікше бөрткендер қарын терісіне де шыға бастаған . Науқасқа төмендегі дәрілердің қай тобын тағайындаған тиімді :
13
Жасы 38-дегі ер адам, мамандығы жоғарғы вольтті электр желісінде монтаждаушы. Дәрігер стоматологқа еріндер жиегінің құрғауына, ысып күйетініне, қабыршақтанатынына шағымдана келді. Қарап тексергенде: екі еріндер жиегі қатты қызарған, құрғақ және ұсақ қабыршақтармен жабылған, екі езуіне жақын ұсақ тіліктер байқалады. Төмендегі диагноздардың қайсысы бұл клиникаға неғұрлым сай:
14
Жасы 30-дағы ер адам стоматологқа ернінің қатты құрғайтынына, ысып күйіп және қабыршақтанып мазалайтынына шағымданып келді. Мамандығы құрылысшы. Ерні көптен мазалайды. Қарап тексергенде: төменгі еріннің жиегі қатты қызарған, құрғақ және ұсақ қабықшалармен жабылған, орта бөлігінде аса терең емес тіліктер орналасқан. Ерніндегі мұндай өзгерістер март-апрель айларында басталып күзге қарай саябырлайды және әр жылы қайталанады. Бұл клиникалық көрініс төмендегі аурулардың қайсысына тән?
15
Жасы 55-тегі әйел адам стоматологқа таңдайында томпиған құрылым пайда болып, ыңғайсыздық туғызғанына шағымданып келді. Өзі гипертония ауруымен ауырады. Қарап тексергенде : қатты таңдайында орта сызыққа жақын жарты шарға ұқсас ені 1,2 см қанды сұйықтыққа толы күлбіреуік бөрткен анықталды. Мақта анжымен сипап байқағанда оңай жарылып, біраз мөлшерде қою қан бөлінді және орнында эрозиялы ошақ пайда болды. Төмендегі диагноздардың қайсысына бұл клиникалық көрініс келеді?
16
55-тегі әйел адам стоматологқа тілінің, таңдайының ыстық сумен күйдіріп алғандай қатты күйіп, ысып мазалайтынына шағымданып келді. Бұл сезімдер бір жыл бұрын тілінің ұшы аймағында пайда болып, біртіндеп жайыла бастаған. Ас қабылдағанда басылғандай болады. Қарап тексергенде: ауыз кілегейлі қабығы -қызғылт түсті, тілдің үстінде ақшыл -сұр түсті қақ орналасқан( өңез ) , тіл астындағы көк тамырлар кеңейген. Көптеген тістері сақталған. Тіл түбірінде, жұмсақ таңдайда рефлекстер анықталмайды. Төмендегі алғашқы диагноздардың қайсысы бұл клиникаға сай келеді?.
17
Дәрігер стоматологқа жасы 53-гі әйел адам тілінің, қатты таңдайының қатты ысып- күйіп, қызарып ыстық сумен күйдіріп алғандай ауыратындығына шағымданып келді. Бұл сезімдер бұдан бір жыл бұрын тілінің ұшынан басталып, біртіндеп жайыла бастаған. Ас қабылдағанда ысып- күю көп байқалмайды. Қарап тексергенде: тілдің кілегейлі қабығы боз -қызғылт түсті, үстінде ақшыл сұр түсті қақ байқалады, тілдің астыңғы бетіндегі көк тамырлар кеңейген. Тіл түбірінен, таңдайдан рефлекстер анықталмайды. Бұл ауруды патогенездік емдеуге төмендегі дәрілік заттардың қайсысын қолданған тиімді?
18
Ауыз кілегейлі қабығымен еріндер жиегінің төмендегі ауруларының қайсысы облигативті обыралды ауруларға жатпайды?
19
Ұрттың кілегейлі қабығының езуге жақын аймағында көрер көзге өзгермеген кілегейлі қабықтың жабынды эпителйінің шамадан тыс мүйізгектенуіне байланысты күңгірттеніп және ақшыл сұрланып қалыңдауы төмендегі аурулардың қайсысына неғұрлым тән?
20
Дәрігер стооматологқа көрінуге келген 22 жасар жігітті қарап тексергенде төменгі ернінің кілегейлі қабығында клейн белдеуіне жақын ұсақ сілекей бездерінің қатты кеңейген шығарушы түтіктері және олардан қою шырыштың ұсақ тамшылар құрап, тез бөлінетіні анықталды (таңғы еріген шық симптомы ). Түтік төңірегіндегі кілегейлі қабық қызара домбыққан. Төменде келтірілген алғашқы диагноздардың қайсысы сипатталған клиникалық белгілерге сай келеді.
и еще 228 вопросов