Хирургия


300
4 курс
education language
📅 25 дек 2023
👀 19
1
59 жастағы ер адам клиникаға эпигастрий аймағында ауру сезіміне шағымданып келді, ауру сезімі арқасын беріледі, кейде бел аймағында белдемелі ауруымен байқалады. Анамнезден: он екі елі ішектің ойық жарасынан шамамен 10 жыл зардап шегеді.Асқазан жарасының қандай асқынуы ЖИІ жедел панкреатит клиникасының өршуіне алып келеді?
2
60 жастағы ер адам емханаға жүгінді: соңғы 6 айда ол айтарлықтай салмақ жоғалтты, жиі шаршау мен әлсіздік мазалайды. Анамнезден: он екі елі ішектің ойық жарасынан шамамен 15 жыл зардап шегеді.Ойық жараның малигнизациясын растайтын ЕҢ негізгі зерттеу әдісі?
3
49 жастағы ер адам тұрғылықты жеріндегі емханаға пилородуоденальды стеноздың клиникалық белгілерімен жүгінді.Зерттеудің қай әдісі ЕҢ ақпаратты ?
4
25 жастағы ер адам эпигастрийдағы "қанжар" тәрізді ауру сезіміне шағымданды. Анамнезінде 6 жыл бойы ойық жара ауруы бар. Тексеру кезінде іш бұлшық еттерінің қатаюы байқалады.Бұл науқаста қандай зерттеу әдісі ЕҢ негізді?
5
* Жеке медициналық орталыққа 37 жастағы ер адам "кофе шөгіндісі" тәрізді құсыққа, мелена, әлсіздік, бас айналу туралы шағымдармен жүгінді.Қан кету көзін анықтау үшін қандай зерттеу әдісі ЕҢ негізді?
6
47 жастағы ер адам емханаға қарқынды белдемелі ауру сезіміне, жүрек айну, ентігу туралы шағымдармен жүгінді. Анамнезден: ем қабылдамаған.Пенетрацияға күдік туындаған кезде қандай зерттеу әдісі Ең негізді?
7
63 жастағы ер адам учаскелік дәрігерге бір күн бұрын жеген тамағын, жеңілдік әкелетін құсуға шағымданып келді. Анамнезден: асқазанның ойық жарасы ауруымен 15 жыл бойы гастроэнтерологтың диспансерлік есебінде тұр. Ішті тексеру кезінде плеска шуы анықталады.Ойық жараның қандай асқынуы үшін “шалпыл” шуы тән?
8
48 жастағы ер адам қанмен құсуға, әлсіздікке, бас айналуына шағымданып учаскелік дәрігерге жүгінді. Анамнезінде 5 жыл бойы ойық жара ауруымен ауырады. Тексеру кезінде іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз.Қан кету кезінде қандай зерттеу әдісі ең қолайлы?
9
52 жастағы ер адам емханаға жүгінді, оның айтуынша, панкреатиттің жиі шабуылдары мазалайды. Анамнезінен: он екі елі ішектің ойық жарасымен шамамен 15 жыл зардап шегеді. Емхананың хирургына қаралып, асқазанның рентгеноскопиясы ұсынылды.Пенетрацияға тән рентгенологиялық сипаттама ?
10
36 жастағы ер адам медициналық орталыққа іштің ауыруы, әлсіздік туралы шағымдармен жүгінді. Анамнезден: 1 сағат бұрын "қанжар" тәрізді ауру сезімі болған. Тексеру кезінде іш бұлшық еттері "тақтай тәрізді". Іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы тағайындалды.Перфорациялық жараға қандай рентгенологиялық белгі тән?
11
38 жастағы ер адам учаскелік дәрігерге пенетрацияланған жараның клиникасымен түсті.Бұл асқынуға қандай рентгенологиялық сипаттама тән?
12
Анамнезінде ұзақ уақытқа созылған ойық жарасы бар 60 жастағы ер адам эпигастрий аймағында тұрақты және емге қиын берілуімен көрінетін ауырсынуға шағымданып емханаға жүгінді, ал аурудың өршуі белгілі бір кезеңділік пен маусымдылығы жоқ, тәбеті төмендеген.Бұл белгілер ойық жараның қандай асқынуын көрсетеді?
13
36 жастағы ер адам емханаға асқазан-ішектен қан кету клиникасымен жүгінген. Тексеру кезінде терісі бозғылт, суық термен жабылған. АҚҚ-95/70мм.сын.бғ., пульс-100 уд/мин.Бұл науқаста қандай асқыну болуы мүмкін?
14
Перфорациялық жараның клиникалық көрінісі бар 22 жастағы ер адамға іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы тағайындалады.Перфорациялық жараға қандай рентгенологиялық белгі тән?
15
28 жастағы ер адам қабылдау бөліміне эпигастрий мен іштің оң жақ жартысында ауырсыну сезімімен және жүрек айну туралы шағымдармен жеткізілді. Анамнезден: 10 сағат бұрын эпигастриядағы кенеттен қарқынды ауырсыну эпизоды болды, ем қабылдағаннан кейін ауырсыну азайды. Кейінірек ауырсыну бүкіл асқазанға тарала бастады, құсу, ауыздың құрғауы пайда болды. Тексеру кезінде тахикардия, іштің шамалы қатаюы, эпигастрида, іштің оң жартысында, гипогастрида ауыру сезімі бар. Спижарный, Щеткин-Блумбергтің оң белгілері.Қандай алдын-ала диагноз қойылуы мүмкін?
16
Диагностикалық орталыққа 43 жастағы ер адам "кофе тәрізді" құсыққа, әлсіздікке шағымданып жүгінді. Анамнезден: бір апта ішінде іштің ауыруы мазалады, ауыру сезімі тоқтағанннан кейін сұйық қара нәжіс пайда болды, әлсіздік мазалайды. Тексеру кезінде: науқастың терісі бозғылт, тахикардия, орташа гипотония, іші жұмсақ, ауыртпалықсыз, перитонит белгілері жоқ. ФГДС - та: он екі елі ішектің жарасы, тексеру кезінде қан кету тоқтаған.Қандай тактика қажет?
17
55 жастағы ер адамда емханада тексеру кезінде субкомпенсацияланған пилоростенозы анықталды.Қандай тактика негізделген?
18
Терапиялық бөлімде пневмонияны емдеу курсын аяқтаған 62 жастағы науқаста асқазан-ішектен қан кету клиникасы пайда болды, хирург шақырылды.Қандай тактика негізделген?
19
41 жастағы ер адам емханаға іштің жоғарғы бөлігінде кенеттен қатты ауыруына шағымданып жүгінді. Іштің пальпациясы кезінде іштің алдыңғы қабырғасының бұлшық еттерінің айқын қатаюы байқалады.Қандай тактика орынды?
20
Асқазан жарасы бар науқаста емханада тексеру кезінде "кофе шөгіндісі" тәрізді құсу клиникасы пайда болды, АҚҚ – 100/70 мм сын б.ғ.ЖТД қандай тактикасы барынша негізді?
и еще 280 вопросов