Хирургия


100
4 курс
education language
📅 14 мая 2023
👀 18
1
Ауру сезімінің асқазан аймағында пайда болып, бірнеше сағаттан кейін оң жақ мықын аймағына ығысуы қандай симптом деп аталады?
2
Қабылдау бөлімінде дәрігер науқасты қарау барысында оң жақ бел аймағында оң бүйірлі каналда ауру сезімі бар екендігін анықтады. Құрт тәрізді өсінді қалай орналасқан жағдайда осы ауру тән болып табылады?
3
Төменде көрсетәлгеннің қайсысы жедел аппендицит кезінде «Жейде» симптомына сәйкес?
4
Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы қабыну ошағының үстінен перкуссия жасағанда ауру сезімі пайда болады?
5
Төменде аталғандардың қайсысы қабыну үрдісінің париетальды ішпердеге жайылғандығы жөнінде мәлімет береді?
6
34 жасар науқаста қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының жалпы қынаптық қабықтан тыс және шап байламының элементтерінен медиальді орналасқаны анықталды.Төменде көрсетілгеннің қайсысы сипатталған интраоперациондық суретіне сәйкес?
7
26 жасар ер адамда қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының жалпы қынаптық қабықтың ішінде, шап байламының элементтерімен бірге орналасқаны анықталды.Төменде көрсетілгеннің қайсысы сипатталған интраоперациондық суретіне сәйкес?
8
Жедел аппендицит кезінде ең жиі немен ажырату диагностикасын жүргізу керек?
9
Төменде көрсетілгеннің асқынудың қайсысы жедел аппендицит кезінде анағұрлым қауіпсіз?
10
Қабылдау бөліміне хирургқа 25 жасар ер адам жарақат - ішіне соққы алғаннан 3 сағаттан кейін жеткізілді. Іштегі ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданды.Қарап тексергенде дәрігер бауыр тұйықтығының жоғалуын анықтады.Төменде көрсетілгеннің қайсысы осы симптомға сәйкес?
11
Төмендегілердің қайсысының жедел аппендицит пен 12-елі ішектің перфоративті ойық жарасының ажырату диагностикасында анағұрлым маңыздылығы аз?
12
Төмендегілердің қайсысын жергілікті жансыздандырумен аппендэктомия жағдайында жасауға болады?
13
Төменде көрсетілген ота тіліктердің қайсысы асқынбаған жедел аппендицитте қолданылады?
14
Аппендэктомияның қай кезеңі барлық науқастарда міндетті емес болып табылады?
15
Төмендегілердің қайсысы жедел аппендициттің операцияға дейінгі асқынуына жатады?
16
Төмендегілердің қайсысы жедел аппендициттің асқынуына жатпайды?
17
Аппендикулярлы инфильтрат әдетте қай уақытта қалыптасады?
18
Жедел аппендициттің деструктивті түрі себебінен болған типті аппендэктомиядан кейін Дугласов кеңістігінің абсцессінің дамуының негізгі себебі?
19
Қандай жағдайда аппендэктомия жасалмай, тек дренаждау жасап операцияны бітіреді?
20
Төменде көрсетілген смптомдардың қайсысы оң жақтан бұғана үстінде төс-бұғана бұлшектінің аяқшаларының арасын басқанда аурусынудың пайда болуының себебі?
и еще 80 вопросов