NEW

Уголовное право Республики Казахстан

⚠️ Тест решен студентами, могут быть неточности, перепроверяйте ответы

97
3 курс
education language
📅 18 дек 2025
👀 10
1
Адамның әртүрлі әрекеттермен бір қылмыс құрамының белгілеріне жататын, әрқайсысы жеке өз бетінше қылмыс болып табылатын екі немесе одан да көп жеке дара қылмыстарды жасауы көптік қылмыстың қай түрінде орын алады?4 балл
2
Адам өзінің іс-әрекетін қылмыс деп қате бағалайды, шындығында заң оны қылмыс қатарына жатқызбайды. Бұл қателіктің қай түріне жатады?4 балл
3
Айыпты адамға қылмыстық қудалау үрейімен міндеттелген міндеттемелерді ұзақ мерзім орындамаудың салдарынан туындаған әрекет немесе әрекетсіздік қалай аталады?
4
Аса қажеттілік пен қылмыс істеген адамды ұстаудың қандай белгілері сәйкес келеді?
5
Аталған қылмыс сатыларының қайсысы қылмысты жасау сатысына жатпайды?
6
Ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлары бар арнайы нормалар бәсекелескенде қайсысы қолданылады?
7
Банда қылмысқа қатысудың қай нысанына жатады?
8
Бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адам жаңа қылмыс істеп, ол үшін тағы да бас бостандығынан айыру жазасына сотталса, ол рецидивтің қай түріне жатады?
9
Бір әрекетпен екі немесе одан да көп түрлі қылмыстарды жасағанда көптік қылмыстың қай түрі орын алады?
10
Бір қылмыс жасалып, ол екі не одан да көп қылмыстық-құқықтық нормалардың әрқайсысының белгілеріне сәйкес келсе, бұл не деп аталады?
11
Бірнеше біртекті, ұқсас әрекеттерден тұратын, ортақ мақсатқа жетуді көздейтін бір қылмысты құрайтын әрекеттердің жиынтығы қалай аталады?
12
Бұрын жасаған қасақана қылмысы үшін соттылығы бар адам кез келген қасақана қылмыс жасағанда қылмыстың қайталануының қай түрі орын алады?
13
Бұрын қасақана қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасағанда көптік қылмыстың қай түрі орын алады?
14
Егер адам ауыр қылмыс жасап, бас бостандығынан айыру жазасына сотталса және ол бұрын ауыр қылмысы үшін немесе аса ауыр қылмысы үшін екі рет сотталған болса, онда ол рецидивтің қандай түріне жатады?
15
Егер адам бұрын істеген аса ауыр қылмысы бойынша сотталған болса және қайтадан аса ауыр қылмыс істесе, қандай рецидивке жатады?
16
Егер адам бұрын істеген ауыр қылмысы үшін екі рет сотталған болса және тағы да ауыр қылмыс істесе, рецидивтіліктің қай түріне жатады?
17
Егер адам Қылмыстық кодекстің бірнеше бөлімінің әртүрлі баптарында немесе баптардың тармақшаларында көрсетілген қылмыстарды екі немесе одан да көп рет істеуі қылмыстың көптігінің қай нысанын құрайды?
18
Егер айыпты адам фактілік қателік жіберуінің салдарынан қауіп бағытталған мүддеге зардап келтіре алмаған жағдайда, бұл оқталудың қай түріне жатады?
19
Жалпы және арнайы нормалар бәсекелескенде қайсысы қолданылады?
20
Жасалған әрекеттің нақты белгілері мен қылмыстық-құқықтық нормада қарастырылған қылмыс құрамы белгілерінің нақты сәйкестігін анықтау және заңды бекіту қалай аталады?
и еще 77 вопросов