Отбасы құқығы


300
3 курс
education language
📅 11 дек 2020
👀 600
1
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР кодексі қашан қабылданды?
2
Бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат – бұл ...?
3
Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам – бұл ...?
4
Балалық шақ – бұл ...?
5
Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында ҚР-ның заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ – бұл ...?
6
Некеден, туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы – бұл ...?
7
Жетім балалар, ата-аналарының (ата-ансының) қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек білдірген адам жасайтын шарт бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге берілетін тәрбие нысаны – бұл ...?
8
Суррогат ана болу шартына сәйкес тапсырыс берушілер үшін қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін құрсақ көтеретін және бала (балалар) туатын әйел – бұл...?
9
Сыйақы төлене отырып, суррогат ана мен ерлі-зайыптылар арасындағы шарт бойынша, күні жетпей босану жағдайларын қоса алғанда, бала (балаларды) көтеру және туу – бұл ...?
10
Некеде тұрған және балалы болғысы келетін адамдар мен қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану жолымен бала көтеруге және тууға өз келісімін берген әйел арасындағы нотариатта куәландырылған жазбаша келісім – бұл ...?
11
Ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер – бұл ...?
12
Ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің отбасын құру ниетінсіз, ҚР-ның заңында белгіленген тәртіппен қиылған неке – бұл...?
13
Материалдық жағдай дегеніміз не?
14
Қандай жолмен қиылған неке тіркеуші органдарда тіркелген некеге теңестірілмейді және тиісті құқықтық салдарлар тудырмайды?
15
Өз мемлекетінің аумағында балаларды асырап алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексте белгіленген тәртіппен ҚР-ның аумағында осындай қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттелген коммерциялық емес шетелдік ұйымдар – бұл ...
16
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің өз қызметін жүзеге асыру құқығын ресми тануы – бұл ...?
17
Аталғандардың қайсысы ҚР-ның неке-отбасы заңнамасы қағидаттарына негізделеді?
18
Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін неше жас болып белгіленеді?
19
Төменде көрсетілген қай негіз бойынша неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді?
20
Некелесуге қандай адамдардың арасында жол берілмейді?
и еще 280 вопросов