52 жасар әйел, қант диабетімен сырқаттанады. Аяқ-қолындағы ауру сезіміне шағымданады. Тексеру барысында «ұзын қолғап және шұлық» типі бойынша гипестезия анықталды.
3
35 жасар ер кісі, анамнезінде нейросифилис, арқасындағы ауру сезіміне шағымданады. Тексеру барысында оң аяқ қолында терең сезімталдылықтың бұзылысы анықталады.
4
40 жасар ер кісі, инсульттан кейін көзін жұмып құралдарды сипап танып айтып бере алмайды.
36 жасар ер кісі, сол жақ кеуде және қолында ауырсыну және температуралық сезімталдылықтың төмендеуіне шағымданады. Тексеру барысында сезімталдылықтың сегментарлы «жартылай кеудеше» түрінде бұзылысы анықталды.
7
35 жасар ер кісі, темір ұсташысы, емханада қарау кезінде оң жақты аяғы мен қолында терең сезімталдықтың бұзылысы, сенситивті атаксия анықталды.
8
Қабылдауда 45 жасар әйел кісіде, анамнезінде көптеген күйіктер, сол жағында бұғанадан кіндікке дейінгі деңгейге дейін «жартылай күрте» типі бойынша беткейлі сезімталдықтың бұзылысы анықталды.
9
Қабылдауда 58 жасар ер кісіде, оқытушы, сол жақ аяқ қолында біртіндеп қатты ауру сезімі пайда болды, қараңғыда жүрісі бұзылған. Қарау кезінде: гемигипестезия, гиперпатия, гемианопсия.
10
Қабылдауда 30 жасар әйел адам, тексеру барысында Th8-Th10 дерматомдары аймағында «белдеу» типінде беткей сезімталдылықтың бұзылысы анықталды. Терең сезімталдылық сақталған.
11
Қабылдауда 30 жасар әйел адам, тексеру барысында Th8-Th10 дерматомдары аймағында «белдеу» типінде беткей сезімталдылықтың бұзылысы анықталды. Терең сезімталдылық сақталған.
12
Ер кісі оң жақ маңдай аймағындағы ауру сезіміне және көпіршік түріндегі бөртпелерге, сонымен қатар кератиттің дамуына шағымданады.
13
Науқас жұмулы көзбен оң қолмен құралдарды сипау арқылы тани алмайды, бірақ оның қасиеттерін сипаттап бере алады. Үстірт сезімталдылық бұзылысы анықталмайды.
14
Омыртқа аймағында пышақпен жараланғанна кейін науқаста оң аяқтың сіресрпелі салдануы және буын-бұлшықет сезімталдылығының бұзылысы, сол аяқта ауырсыну сезімінің төмендеуі дамыды.
15
Тексеру барысында науқаста терең сезімталдылықтың бұзылысы, жүрген кезде сенімсіздік анықталды. Көзді жұмған кезде жүру бұзылысы айқындала түседі.
16
Қабылдауда 45 жасар ер кісіде, табанынан басталатын сол аяғындағы клоникалық тырысуларға шағымданады. Емханада қарау кезінде патологиялық табан рефлекстері мен тонусының жоғарылауымен сол аяғының салдануы анықталады.
17
К науқас, 89 жаста, гипертониялық аурумен ауырады, кенеттен оң қол-аяқтағы қозғалысы жоғалды. Объективті: оң жақтық спастикалық гемиплегия мен гемианестезия анықталады.
18
Д науқас, 48 жаста, біртіндеп сол аяқ-қолда қатты ауру сезімі, қараңғыда жүрісінің бұзылыстары дамыды. Объективті: гемигипестезия, гиперпатия, гемианопсия.
19
Д науқас, 48 жаста, біртіндеп оң қол-аяқта әлсіздік пен ұю сезімі, сөйлеудің бұзылыстары дамыды. Объективті: оң мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілі оңға ығысқан, дизартрия, оң қол-аяқта тонус пен рефлекстері жоғарылаған. Бас миының зақымдану деңгейін анықтаңыз
20
55 жастағы әйел кісі, вахтер, аяқ-қолының әлсіздігіне шағымданады. Қарау кезінде: қол бұлшықеттерінің гипотрофиясы, рефлекстердің, бұлшықет күшінің төмендеуі, қол бұлшықтетерінің фибрилляциясы анықталады. Жүрісі өзгерген, жүрген кезде аяғын «тартады». Аяғындағы рефлекстердің айқын жоғарылауы, екі жағынан Бабинский және Оппенгейм патологиялық рефлекстері оң.