Хирургия


74
4 курс
education language
📅 18 окт 2025
👀 11
1
Жедел флегмонозды калькулезді холециститке жасалып жатқан операция барысында холедохтың 15 мм дейін кеңейгені анықталған. Холедохотомия жасағаннан кейін қарқынды түрде іртік араласқан, қою өт бөліне бастады. Холециститтің қандай асқынуы болуы мүмкін?
2
Науқасқа екі жыл бұрын өттас ауруы, калькулезді холециститке байланысты холецистэктомия операциясы жасалынған. Алты айдан кейін оң жақ қабырға асты аймағының ауырсынуы, зәрдің қара қоңыр түске өзгеруі байқалған. Қанның биохимиялық анализінде – жалпы билирубин 120 мкмоль/л, тікелей 87 мкмоль/л. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысының осы жағдайда ақпараттылығы ЕҢ жоғары?
3
Ер адам 60 жаста,іштің оң жақ аймағының сыздап ауруымен шағымданып түсті. Дәрігерлерге қаралмаған, ауырғанына 5-6 күн болған. Қарау барысында дене қызуы 37,6 ºС. Пальпация кезінде оң жақ мықын аймағында сопақ пішіндес, қозғалыссыз, өлшемі 7,0х5,0 см,орташа тығыздықтағы түзіліс анықталды.Аталған болжама диагноздардың қайсысы дұрыс?
4
Жедел аппендицит бойынша операция барысында құрттәрізді өсіндінің ұлғайғаны, өсінді қабырғасында сұр-қара түсті некрозды ошақтар анықталды. Жоғарыда аталған макроскопиялық өзгерістер жедел аппендициттің қай түріне тән?
5
Науқас, 42 жаста, клиникаға оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, құсу, дене қызуының 380С дейін көтерілу шағымдармен түсті. Бұрын УДЗ-де өт тас ауруы анықталған. Қарап тексергенде: оң жақ қабырға астында іші қатайған және ауру сезімі бар. Ортнер және Мерфи симптомдары оң. Қан анализінде лейкоциттер - 18х109/л. Төменде келтірілген алдын ала болжап қойылған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
6
Холецистэктомиядан кейінгі 3-ші тәулікте науқас, оң жақ қабырға астының ауру сезіміне, терінің сарғаюна шағымданды. Дене температурасы – 36,70С. Қан анализінде лейкоциттер 7,8х109/л, жалпы билирубин - 150,2 мкмоль/л, тура билирубин – 120,5 мкмоль/л. Төменде келтірілген асқынулардың қайсысы болуы мүмкін?
7
Хирургияның қабылдау бөліміне 68 жастағы науқас түсті. УДЗ-де өтқапшығында көптеген майда конкременттер анықталған, холедох 1,5см-ге дейін кеңейген. Қан анализінде жалпы билирубин – 84,0 мкмоль/л, тікелей билирубин – 68,7 мкмол/л. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындаған ЖӨН?
8
Науқас 67 жаста, майлы және қуырылған тамақтан кейін пайда болатын оң жақ қабырға астында ауру сезіміне шағымданды. Іш пальпациясында Кера және Мерфи симптомы оң.Қандай аурумен дифференциалды диагностика жүргізген ЖӨН?
9
Науқас 52 жастағы ер адам, эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, белге иррадиацияланатынына, көп рет құсатындығына шағымданып келді. Ауырғанына 4-5 сағат болған, жағдайының нашарлағанын майлы тамақ жегенімен байланыстырады. Іштің пальпациясы кезінде Керте симптомы оң, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы АНАҒҰРЛЫМ ықтимал?
10
Ауруханаға 36 жастағы ер адам оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімге байланысты шағымданып түсті. Кейде терісінің қызарып қышынуы болып тұрады. Өрісте мал шаруашылығымен айналысады. Пальпация кезінде бауырдың сол жақ бөлігінде ісік тәрізді түзіліс анықталады. Осы науқаста НЕҒҰРЛЫМ тән қандай аурудың белгілерін анықтауға болады.
11
Аппендэктомиядан кейінгі 6 күні науқаста толғақ тәрізді ауыру сезімі мен іштің кебуі, нәжіс пен газдың кідіруі пайда болды. Динамикасында құсу болғаны белгілі. Бұл жерде аталған операциядан кейінгі асқынулардың қайсысы болуы мүмкін?
12
Науқас 78 жастағы науқасқа жедел ішек түйілуіне байланысты операция кезінде ішек қуысында 5х4 см өт тасы анықталды, әкелуші ішек ілмектері кенет ұлғайған. Науқаста ішек түйілуінің қандай түрі болуы мүмкін?
13
Науқас 57 жастағы әйел аралық аймағында жарадан іріңді бөлініске шағымданады. Қарап тексергенде аралық аймағында көлемі 0,3х0,3см жара анықталады, басқан кезде жарадан іріңді бөлініс, айналасындағы теріде мацерация.Тізімдегілер диагноздар ішінен ЕҢ алдымен қандай диагноз болуы мүмкін?
14
Науқас 65 жаста, 2 жылдан бері алма-кезек ақсаумен зардап шегеді. Ангиографияда – бифуркация деңгейіндегі құрсақ қолқасының стенозы, қолқа қабырғасының атеросклероздық өзгерісі анықталды. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
15
Науқас 45 жастағы әйел оң жақ шап аймағында томпаюдың пайда болуына шағымданады. Қарап тексергенде оң жақ шап байламынан төмен, ауру сезімінсіз, құрсақ қуысына енетін томпаю анықталады. «Жөтел түрткісі» симптомы оң. Тізімдегі болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
16
Науқас 35 жастағы ер адам, оң жақ шап аймағының ісік тәрізді түзілісіне шағымданады. Науқасты тік тұрғызып қарап тексергенде жұмсақ эластикалық пішіні сопақ түзіліс анықталады. Науқастың жатқызып қарағанда томпаю өздігінен құрсақ қуысына енеді. Тізімдегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
17
Төменде көрсетілген клиникалық көріністердің қайсысы аяқ веналарының варикозды кеңеюіне тән?
18
Науқас 40 жастағы науқас 7 күн бойы ауырады. Анамнезінен: суық тиюден кейін науқасты құрғақ жөтел, гектикалық қызба мен қалтырау мазалаған. Бүгін таңертең шірікті иісті көп мөлшерде іріңді қақырық қосылды. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
19
Ауруханаға 60 жастағы науқас жедел ішек түйілуінің клиникасымен жатқызылды. Ирригоскопия кезінде жоғарылаған тоқ ішекте анық контурларымен екі тісшелі толу дефектісі анықталды. Жедел ішек түйілуінің қай түрі болуы мүмкін?соқыр ішектің обтурациялық түйілуі
20
Науқас 58 жаста, асқазан ойық жарасының өршуіне байланысты жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылған. Ойық жаралық анамнезі 12 жыл. Соңғы кездері ауру сезімінің көрінісімен (ауру сезімі тұрақты) кезеңінің өзгерісін байқаған. Ойық жараның қандай асқынуы болуы МҮМКІН?
и еще 54 вопроса