Сот азаматтық істерді қарау және шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы конституциялық заңдарының, осы Кодекстің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің, қолданылуға жататын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті, бұл қай қағиданың белгісі:
4
Сот істі қарау және шешу кезінде мемлекеттік немесе өзге де органның актісі заңға сәйкес келмейді немесе ол өкілеттіктерді асыра пайдаланып шығарылған деп белгілесе, заңның нормаларын қолданады, қай қағиданы басшылыққа алып:
5
Даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда, сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған кезде, Қазақстан Республикасы заңнамасының жалпы негіздері мен мағынасын негізге ала отырып, дауды шешеді, бұл кезде қандай қағида басшылыққа алынған:
6
Егер заңда немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен ақылға сыйымдылық өлшемшарттарын негізге ала отырып шешуге міндетті, қай қағиданың белгісі:
7
Соттар адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсететін заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқылы емес, қай қағиданың негізінде:
8
Егер сот қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсетеді деп тапса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және бұл актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасауға міндетті, қай қағиданың негізінде:
9
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес, заңдылық қағидасы қаншасыншы бап:
10
Азаматтық істер бойынша сот төрелігін тек сот қана осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша жүзеге асырады, қандай қағида:
11
Соттың билік өкілеттіктерін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады, қандай қағиданың өмірде қолданыс тауып тұрғанын көрсетеді:
12
Төтенше, сондай-ақ заңсыз құрылған өзге де соттар шешімінің заңды күші болмайды және орындалуға жатпайды, қандай қағиданың негізінде:?
13
Соттың азаматтық іс бойынша шешімдерін тиісті соттар ғана осы Кодексте көзделген тәртіппен тексере алады және қайта қарай алады, қандай қағиданың негізінде:
14
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес, сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы қағидасы қаншасыншы бап:
15
Әркім бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы, қай қағида негізінде:
16
Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде, азаматтар мен заңды тұлғалар осы Кодексте белгіленген тәртіппен басқа тұлғалардың немесе тұлғалардың белгісіз бір тобының бұзылған немесе даулы заңды мүдделерін қорғау туралы арыз беріп, сотқа жүгінуге құқылы, қай қағиданың негізінде:
17
Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қоюды (арыз) беріп, сотқа жүгінуге құқылы, қай қағиданың негізінде:
18
Өзінің келісімінсіз ешкімге ол үшін заңда көзделген соттылық өзгертілмейді, қай қағиданың негізінде:
19
Егер істердің белгілі бір санаты үшін дауды сотқа дейін реттеу тәртібі заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, сотқа жүгіну осы тәртіп сақталғаннан кейін мүмкін болады, қай қағида үшін негізделген:
20
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес, Тұлғаның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау қағидасы қаншасыншы бап: