Акушерия


193
4 курс
education language
📅 17 дек 2019
👀 13
1
Қайта жүкті әйел, 25 жаста, ауыл тұрғыны, жатырында екі тыртығы бар жүктіліктің 36 аптасында стационарға жіберілді. Анамнезінен: бірінші жүктілігі ауыр дәрежелі преэклампсиямен асқынып, босану 36 апталық мерзімде операциямен аяқталған, екінші жүктілігі 37 апталық мерзімде жатырдағы тыртықтың ажырауына байланысты кесар тілігі операциясымен аяқталған. Әйел босануға көмектесудің қай деңгейінде босануы тиіс?
2
23 жастағы қайта жүкті әйел әйелдер кеңес орнына 11-12 апталық жүктілікпен тіркеуге тұрды. Анамнезінен: бірінші жүктілігі ешқандай асқынусыз мерзімінде босанумен аяқталған, соматикалық анамнезінде өзгерістер жоқ. Тексеру барысында өзгерістер анықталған жоқ.
3
Босанғаннан кейінгі неше күн өліммен аяқталса ана өліміне жатады?
4
23 жастағы босанушы 34 – 35 апталық жүктілігімен 2 сағат бойы босану қызметінің басталуымен және жыныс жолдарынан қан кету шағымдарымен перзентханаға келін түсті. Ең бірінші босанудың қандай асқынуының жоқтығын анықтау қажет ?
5
Босанудың бірінші кезеңінің басталуы қандай белгілермен көрінеді ?
6
Мерзімі жеткен жүктілігі бар бірініші босанушы әйел перзентханаға келіп түсті. 5 сағат бойы іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну сезімінің пайда болғанына шағымдалды. Суы кетпеген. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 142 рет минутына.
7
Мерзімі жеткен жүктілігі бар қайта босанушы, босану әрекеті басталғанынан 2 сағаттан кейін келіп түсті. Толғақтар 5 минут сайын, 20-25 секундтан. Қағанақ қуығы бүтін. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 140 рет минутына. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны жайылған, ашылуы 2 см., қағанақ суы бүтін. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісіне орныққан. Мүйіс анықталмайды. Босанудың қандай фазасына бұл акушерлік жағдай жатады?
8
Перзентханаға босанушы әйел босанудың екінші кезеңінде келіп түсті. Сыртқы акушерлік тексеру нәтижесінде ұрықтың шүйдесімен жатуының алдыңғы түрі анықталған.
9
Перзентханаға босанушы әйел босанудың екінші кезеңінде келіп түсті. Сыртқы акушерлік тексеру нәтижесінде ұрықтың шүйдесімен жатуының алдыңғы түрі анықталған.
10
Нәресте туылғаннан кейін босанушы әйелдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық. ҚҚ 120/80 сн.бағ., пульс минутына 89 соққы. Босанудан кейінгі қан кетуді алдын алу мақсатында бұлшықетке 10 ЕД окситоцин енгізілді.
11
Босанушы босанудың екінші кезеңінде. Күшенулер 1–2 мин. 50-55 сек. Күшенулер арасында ұрықтың жүрек соғысы минутына 148 рет. Ұрықтың басы бұтаралықты жарып шығуда.
12
26 жастағы қайта босанатын әйел босанудың екінші кезеңінде перзентханаға келіп түсті. Ұрық таза жамбаспен орналасқан. Алдыңғы жамбасы туылғанынан кейін босану қызметінің екіншілік әлсіздігі және ұрықтың құрсақішілік жедел гипоксия белгілері дамыды.
13
27 жастағы бірінші босанатын әйел жүктілігі 37-38 апта, босанудың екінші кезеңінде перзентханаға келіп түсті. Бақылау барысында ұрықтың жүрек соғуының 90-100 соққыға дейін сиреленуі және оның күшенулер арасында қалыпты деңгейіне түспейтіні анықталды. Қынаптық тексеруде: ұрық басы кіші жамбастың тар бөлігінде, сагиталды жік оң қиғаш өлшемінде, кіші еңбек сол жақ алдынан орналасқан.
14
Қайта босанушы әйел мерзімі жеткен жүктілікпен босану әрекеті басталғанына 4 сағат және қағанақ суы кеткеннен 30 мин. кейін келіп түсті. Жамбас өлшемдері қалыпты. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісінде кіші сегментпен орналасқан. . Ұрық жүрек соғысы 120 рет мин. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны жайылған, ашылуы 4 см., қағанақ қуығы жоқ. Қас үстіндегі доғалар, мұрын түбірі, шекесі пальпацияланады. Мүйіс анықталмайды. Клиникалык диагноз қойыңыз?
15
Алғаш босанушы, 22 жаста, 4 сағат бойы босануда. Мерзімі жеткен жүктілік, жамбас өлшемдері 25-28-31-21см. Ұрық басымен кіші жамбастың кіреберісіне қондырылған. Ұрық жүрек соғысы минутына 120 рет, анық, ырғақты. Толғақтар 5-6 минут сайын, 40 секундтан, күші орташа. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны жайылған, ашылуы 3см. Қағанақ суы кетпеген. Сагиталды жігі сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақ алдында. Диагнозын анықтаңыз?
16
Мерзімі жеткен жүктілігі бар алғаш босанушы қағанақ суының кетуіне жэне босану әрекетінің басталғанына 5 сағат болганна байланысты перзентханаға түсті. Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының ашылуы 5 см., қағанақ қуығы жоқ, ұрықтың көз шарасы, мұрын түбірі, ауызы пальпацияланады, бет сызығы оң жақ қиғаш өлшемде, иегі алдынан сол жақта. Мүйіс анықталмайды. Босандыру әдісін таңдаңыз?
17
29 жастағы әйел, ішінде толғақ тәрізді ауырсынудың болуына, жыныс жодарынан қанды бөлінділерге, басының айналуына, әлсіздік шағымдарымен жедел жәрдем бригадасымен перзентханаға жеткізілді.
18
29 жастағы әйелде жүктіліктің 34-35 аптасы, аяқтарында және беттеріндегі ісінумен перзентханаға келіп түсті. АҚ 170/110 мм сын бағ көтерілуіне байланысты желке аймағындағы ауырсыну және мұрнымен тыныс алудың қиындауы болды, диурез төмендеген. Эхографиялық зерттегенде фетометриялық мәліметтердің екі аптаға кешігуі, қағанақ суының жеткіліксіздігі анықталды, допплерометрияда екі жақтағы жатыр артериясында қанмен қамтамасыз етілу резистенттілігі жоғарылаған және ұрық-жатыр қан айналымының жағдайы нашар. Қынаптық тексергенде: жатыр мойны «жетілмеген».
19
Перзентханаға 26 жастағы жүкті әйел басының ауруы, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға және жатырының қатаю шағымдарымен жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Тамыр соғысы 89 тер минутына, АҚ 105/70 мм сын бағ., бетінде, аяғында, ішінде ісіктер анықталады. Жатыры мерзіміне жеткен жүктілік сай, жатыр бірден қатайған, ауырсынулы, нәрестенің жүрек соғысы тұйық, минутына 100 ретке дейін.
20
Перзентханаға жүктілікиің 25-26 апта мерзіміндегі қайта жүкті әйел ұйқыдан тұрғаннан кейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділерге шағымданып түсті. Анамнезінде бір босану және екі медициналық түсік.
и еще 173 вопроса