Врач общей практики (1 модуль)


100
4 курс
education language
📅 16 мая 2023
👀 11
1
ИБС ауруымен қауіп тобындағы науқастардың дәрігерге келу жиілігі (инфаркт миокардын немесе инсультты өткізген,аритмиясы бар науқастар,жиі стенокардия ұстамасы бар науқастар)
2
45 жастағы Д есепте дилатациялық кардиомиопатия диагнозымен тұратын әйелде созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің негізгі триадасын ата?
3
Төменде аталғандардың ішіндегі симптомдардың кардиальді қан айналым жеткіліксіздігі белгісі?
4
Қарыншалық экстрасистолаға тән ритм өзгерісі?
5
Қай синдром жүрекшелік фибрилляцияны,синоатрикулярлы блокаданы,тахи-брадикардиялық синдромды,тұрақты синусты брадикардияны қамтиды?
6
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің негізгі белгісі?
7
ЖТД қабылдауында 58 жастағы ер адам, айына 2-3 рет болатын тұншығу ұстамасына, аздаған физикалық жүктеме кезінде болатын ентігуге, кеуде артындағы қысып ауру сезіміне шағымданады. Көптеген жылдар бойы ауырады. Соңғы 5 жыл көлемінде периодты түрде аяқта ісінулер, оң қабырға астында ауырлық сезімі пайда болған. Денсаулығының нашарлағанына 2 ай болған. Об-ті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Мойын веналарының ісінуі, эпигастральды аймақтың пульсациясы. Жүрек шекаралары оңға ығысқан. Жүрек тондары анық, ритмді, аортада 2 тон акценті. ЖСЖ 116 рет мин, АҚҚ 140/90мм сын бағ.
8
Әйел 25 жаста. Кенеттен АҚҚ жоғарылауына, жүрек қағуына. Ұстама кезінде науқас қызарады, жоғары терлегіштік байқалады. Анамнезінен: соңғы жылдан бері өзін науқаспын деп санайды. АҚҚ 200 мм сын бағ дейін жоғарылап, пульс 110 рет мин жиілеген. Тексеруден өтпеген. Гипотензивтң препаратттар көмегі болмаған. АҚҚ ақырындап өзі төмендеп отырған.
9
Ер адам 43 жаста, артериалды гипертензиямен есепте тұрады, периодты түрде таңертең пайда болатын бас ауруына, қатты әлсіздікке шағымданып келді. Қарау барысында: пульс 85 рет мин, АҚҚ 210/120 мм сын бағ. ЭКГ: айқын сол қарынша гипертрофиясы. Қан анализі: калий-2,6 ммоль/л, натрий-147 ммоль/л. Зәр анализі: гипоизостенурия, зәр тұтқырығы өзгермеген, реакциясы- сілтілі.
10
Әйел Адам 59 жаста, соңғы 3 жыл көлемінде артериалды қан қысымының тұрақты түрде жоғарылауына шағымданып келді.Диспансерлік есепте тұрады, антигипертензивті препараттармен емделеді.
11
ЖТД ұарауына 44 жастағы ер адам периодты түрде АҚҚ жоғарылауына шағымданып келді. Қарау барысында: АҚҚ 185/105 мм сын бағ. Анамнезінен: оң бүйрек артериясының туа пайда болған стенозы. 2009 жылы жарақат салдарынан сол жақтық нефрэктомия жасалған. Аптекадан дәрігер тағайындауысыз артериалды гипертензияда каптоприл қабылдаған, бірақ дәрігер тексеруінен соң бұл препаратты қабылдау тоқтатылды.
12
47 жастағы әйел кеуде қуысының сол жақ бөлігіндегі сол қолға иррадиацияланатын ауру сезіміне, ұзақ жүргенде аяқта пайда болатын сыздап ауру сезіміне шағымданып келді. 2 жыл алдын қанда глюкоза мен холестериннің жоғары мөлшері анықталған. Қантты төмендететін препараттарды тұрақты қабылдамайды.
13
Ер адам 37 жаста, күштеме кезінде жүрек тұсындағы тұйықталған ауру сезіміне, айқын жүрек қағуына, жүрек ырғағының дұрыс болмауына шағымданып келді. Күнделікті тұрақты түрде 300-400 гр ішімдік ішеді. Перкуторлы жүрек шекаралары солға жылжыған. ЭКГ: ритм дұрыс, атриовентрикулярлы өткізгіштік төмендеген (РQ-0,30), жиі жүрекшелік және қарыншалық экстрасистолиялар, кеуде әкетулерінде SТ сегменті төмендеген, V3- V6 әкетулерінде Т тісшесі екі фазалы. Эхо-КГ: лақтыру фракциясы -32%
14
Ер адам 77 жаста, екі рет миокард инфарктісін алған, айқын ентігуге, бірнеше сағат бойы жүрек соғуының жиілеуіне, кенет әлсіздікке шағымданады. ЭКГ: Р тісшесі жоқ, 170 рет минутына қарыншалар жиырылуы. Амиондарон көмектеспеген. Науқаста гемодинамикалық бұзылыстар тез арада дамыған.
15
29 жастағы әйел, жүктеме кезінде болатын айқын ентігуге, жүрек қағуына, субфебриллитет, әлсіздік, тершеңдікке, артралгияға, аяқтардағы айқын ісінулерге шағымданады. Бұрын жиі іріңді баспамен ауырған. Об-ті: жүректің салыстырмалы тұйықтығы жоғары және оңға кеңейген. Аус-ті: жүрекшелер фибрилляциясы, ритм перепела, жүрек ұшында диастолалық шу.
16
Ер адам 28 жаста, әлсіздікке, жүрек тұсындағы ауру сезіміне, жүрек қағуына, жүрген кездегі ентігуге, кешкісін аяқтардағы ісінуге шағымданып келді. Ревматологта «Д» есепте тұрады. Об-ті: жүректің митральды конфигурациясы, жүрек түрткісі солға жылжыған, таралған, күшейген, жүрек ұшында І тон әлсіреуі, қолтықасты аймаққа иррадиацияланатын голосистолалық шу.
17
Ер адам 59 жаста, анамнезінен 2013 жылы миокард инфарктісін алған. Айқын ентігуге, жүрек қағуына, іштің ұлғаюына шағымданып келді. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері цианозы. ТАЖ 24 ретмин. Оң жақта 1V қабырғАҚҚан төмен перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, тыныс әлсіреуі. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс емес. ТАЖ 94 рет мин. Іші ұлғайған, кіндік аздап ісінген, бауырдың төменгі қыры +6 см. Аяқтарда ісінулер.
18
Әйел 28 жаста, физикалық жүктеме кезіндегі айқын ентігуге,жүрек тұсындағы, жауырын аралық аймақта «пышақ сұққан» тәріздіауру сезіміне, тізедегі ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінен ЖСРА. Объективті: акроцианоз, жүрек шекаралары жоғары және оіға қарай жылжыған, жүрек ұшында 1 тон күшейген, диастолалық шу, «бөдене ырғағы, мерцательді аритмия. R-графия: контрасталған өңеш кіші рАҚҚиуста ауытқиды. ЭКГ: Р - mitrale , сол қарынша гипертрофиясы.
19
Әйел 67 жаста, кеуде артындағы қысып ауру сезіміне, бір қабатқа көтерілгенде пайда болатын ентігуге, тахиаритмияға, ісінулерге шағымданып келді. Анамнезінен- миокард инфарктісі. Об-ті: өкпеде ылғалды сырылдар. ЖСЖ 107 рет мин. АҚҚ- 177/105 мм сын. бағ. Холестерин – 6,4 ммоль/л. ЭКГ: сол қарынша артқы-бүйір қабырғасындағы тыртықты өзгерістері. ЭхоКГ: лақтыру фракциясы- 42,6%. Қалқаралықтың артқы қабырғасы мен сол қарыншаның бүйір қабырғасында гипокинезия аймағы байқалады.
20
Әйел 22 жаста, жүрек жиі қағуына, күштеме кезіндегі айқын ентігуге, жиі жүрек тұсындағы шаншып ауру сезіміне, тізедегі ісінулерге шағымданып келді. Есепте созылмалы тонзиллит диагнозымен тұрады. Қарап тексеру кезінде: жүрек ұыш түрткісінің солға жылжуы, жүрек шекаралары солға және жоғары жылжыған, жүрек белі тегістелген. Аускультацияда: жүрек ұшында І тон әлсіреген, систолалық шу, өкпе артериясы үстінен 2-ші тон акценті. Рентгенографияда– жүректің сол бөлігінің ұлғаюы.
и еще 80 вопросов