Терстом (6 курс)


270
4 курс
education language
📅 12 дек 2021
👀 11
1
Бастапқы кариесті реминерализациялық емдегеннен кейінгі болатын оң нәтижені көрсетіңіз:
2
Төменде көрсетілген қай белгілер орта кариестің клиникалық белгілеріне тән :
3
Периодонт қабынуының қандай түрінде «өсіп кеткен тіс» симптомы анықталуы мүмкін:
4
Қызылиек қабынуының қай түріне жедел ағымдылық тән емес:
5
Бензидин сынамасын нені анықтау үшін жүргізеді?
6
Берілген индекстердің қайсысы ауыз қуысының гигиеналық деңгейін бағалау үшін қолданылады:
7
Клиникалық белгілер: тісжегі қуысы жабынды дентин денгейінде орналасқан, шұқып тексергенде кіреуке-дентин шекарасында аурады, тістің түсі өзгермеген. Қандай кариеске тән белгілер:
8
Қарап тексергенде: үлкен емес терең тісжегі қуысы бар, қуыста қабықтанып алынатын жұмсарған дентиндер көп. Шұқып тексергенде тісжегі табанында ауру сезімі бар. Суыққа қатты ауратын қысқа мерзімде қатты ауру сезімі бар. Қандай кариеске тән белгілер :
9
Ем алгоритмі: бірінші қабылдауда тісжегіні егеп тазалау, медикаментозды өңдеу, қуысты кептіргеннен кейін емдік төсем және уақытша пломбасы қойылады. 5-7 күннен кейін уақытша пломбаны турақтыға ауыстырып, емдік төсемді қойылып, аралық төсемді қояды. Қандай ауруды емдеуде ұсынылады:
10
Б., есімді науқастың жасы 40-та. Тіс дәрігеріне ауыз қуысын санациялау мақсатымен келген. Қарап тексергенде: 4.7 тістің шайнау бетінде орта тіс жегі қуысы бар. Шұқып тесергенде кіреуке-дентин шекарасында ауру сезімі бар, қуыстың табаны ауырмайды. Қағып тексергенде ауырмайды. Диагнозын қойыңыз:
11
Дәрігер стоматолог терең кариесті емдеу барысында аралық төсем ретінде құрамында фтор ионы бар материалды қолдануды дұрыс көрді. Дәрігер қандай материалды таңдап алуы тиіс:Силицин
12
С., есімді 22 жастағы науқас эстетикалық ақауға шағымданады, бір апта бұрын байқаған. 2.2 тістің вестибулярлы бетінің мойын аймағында бор түстес дақ, зондтау кезіңде кедір -бұдырлы. Термореакция мен перкуссия ауырсынусыз. Зақымдалған ошақты 2% метиленді ерітіндімен өңдеген кезде көк түске боялады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
13
Беткей кариеске тән клиникалық көріністі анықта:
14
Бұл субъективтік белгілер қандай ауруға неғұрлым тән:тісте өз бетімен толассыз солқылдап, мазалайтын және жан-жаққа таралатын, суық су әсерінен ауру сезімі аздап басылғандай болады.
15
35 жастағы А., есімді ер адам 16 тісіндегі самайына берілетін өздігінен пайда болатын, ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданады, тітіркендіргіштердің барлық түрі ұзаққа созылатын ауыру сезімін тудырады. Тісі бұрын ауық-ауық ауырған. Қарап тексергенде: шайнау бетінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді, шұқып тексергенде ашық ұлпа мүйізшесінде қатты ауыру сезімі бар.Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын таңдаған неғұрлым тиімдірек болады?
16
29 жасар Т., есімді ер адам төменгі сол жағында ұзаққа созылатын ұстама тәрізді солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі суықтан басылады. Қарап тексергенде: 36 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді.Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қоюға неғұрлым тиімдірек?
17
36тісте терең тісжегі қуысы бар, ауырып мазаламайды. Сауыт қуысы ашылған, сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Келтірілген клиникалық белгі төменде аталған аурулардың қайсысна неғұрлым тән:
18
Периодонттың жедел қабынуын периодонттың созылмалы қабынуының өршуінен ажырату үшін қолданылатын қосалқы тексеру әдісі:
19
Қарап тексергенде: қызылиек ашық-қызғылттау түсті,көптеген тістер түбірлері бірдей деңгейде ашылған, аздаған тіс шөгінділері анықталады. Жоғарғы жақ сүйір тістерден екінші үлкен азу тістерге дейін мойын бөліктерінде сынаға ұқсас ақаулар бар. Келтірілген клиникалық белгілер төменде келтірілген аурулар диагнозының қайсысына неғұрлым тән:
20
Жасы 19-ғы қыз бала тістерін тазалағанда, қатты тағам шайнағанда қызылиегінің қанағыштығына және қызылиек бүртіктерінің ұлғаюына шағымданады Қарап тексергенде: қызылиек бүртіктері көлемі ұлғайған (тіс сауытының 3/1 бөлігін жауып тұр) түсі көкшілденген, беті жылтыр, аспап тиіп кетсе тез қанайды. Ортапантограммада сүйек тінінде өзгеріс байқалмайды.Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы неғұрлым сәйкес келеді?
и еще 250 вопросов