Экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сүру жағдайын ұйымдастарудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
2
Қоғамда автономды жағдайы (мәртебесі) бар және соған сәйкес құқықтарға, бостандықтар мен міндеттерге ие болатын адам
3
Жекелеген тұлғалардың (билік етушілердің) еркі мен іс әрекеті басқа тұлғалардың (бағыныштылардың) еркі мен іс-әрекетінен басым тұратын, үстемдік ету мен бағыныштылық қатынастары
4
Анықталмаған тұлғалар шеңберіне және жағдайлардың шексіз санына қатысты мерзімі жағынан үздіксіз әрекет ететін жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесі.
5
Басқару-қамтамасыз етушілік, қорғаушылық функцияларды жүзеге асыру мақсатында арнайы аппаратты иеленетін және елдің бүкіл халқы үшін өз еріктерін міндетті етуге қабілетті, жария биліктің саяси-аумақтық егеменді ұйымы
6
Мәжбүрлеу аппаратына негізделе отырып, мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын қарым-қатынастар жүйесі
7
Өзін өзі басқаруға негізделген жергілікті билік
8
Мемлекеттік биліктің ел ішінде және одан тыс жерде басқа кез келген биліктен (саяси және идеологиялық) тәуелсіздігі
9
Мемлекеттің өзінің барлық істерін дербес және ерікті түрде шешу құқығы
10
Елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы
11
Билік етудің құралдары мен тәсілдерінде, демократиялық немесе демократиялық емес сипатында көрініс табатын биліктің мазмұны
12
Әрбір органға тиесілі биліктің көлемінің шектері заңмен анықталатын, барлық биліктік органдар халықтың мандатына, барлық азаматтар сотпен корғалатын ажырамас құқықтар мен бостандықтарға ие болатын мемлекет
13
Мемлекеттік билік заңмен анықталса да тікелей халық мандатына ие болмайтын, бірақ билік етуші органдар мен тұлғалардың шектелген аясымен басқарушылық әкімшілік аппаратты, қарулы күштер мен жазалау мекемелерін тікелей пайдалану арқылы жүзеге асырылумен сипатталатын мемлекет
14
Әкімшілік басқару бәрін билеп-төстеуге негізделген мемлекет, ол заңмен анықталмайды. Қоғам өмірінде тәуелсіз сот төрелігі мен адам құқықтары болмайды, бүкіл қоғам басқарушылық әкімшілік аппарат пен жазалаушы органдардың тоталитарлық бақылауына алынады, адам құқықтарын шексіз аяққа таптау жүзеге асырылады
15
Мемлекеттің басқарушьғлық қамтамасыз етушілік және қорғаушылық функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардын, мекемелер мен ұйымдардын біртұтас, иерархиялык жүйесі (кешені).
16
Мемлекеттік міндеттерді атқаратын жэне тиісті биліктік өкілеттіктерге ие ұйым немесе басқарма
17
Мемлекеттік орган, сондай-ақ, лауазымды тұлға иеленетін және тиісті заңды құжатта бекітілетін биліктік құқықтардың мазмұны мен көлемі
18
Басқару, саяси тәртіп нысанында және мемлекеттік құрылым нысанында көрініс табатын, елдегі мемлекеттік билікті ұйымдастыру
19
Мемлекеттің жоғары билігін ұйымдастыру әдіс-тәсілдерінің жиынтығы
20
Мемлекеттің құрамдас бірліктерінің біртұтас және аумақтық бөліктер ретіндегі ара қатынасын ұйымдастыру әдіс-тәсілдерінің жиынтығы