NEW

Плановая хирургия

⚠️ Тест решен студентами, могут быть неточности, перепроверяйте ответы

249
5 курс
education language
📅 23 дек 2025
👀 1
1
Хирургия бөліміне 50 жастағы пациент оң жақтағы шап жарығымен түсті. Дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. Жарыққа байланысты шағымы 10 жыл бойы бар. Жарықтық ісік пальпация кезінде жұмсақ*эластикалық консистенциялы, бөлікті құрылымда, көлденең қалыпта іш қуысына қайта енгізіледі, перкуссияда дыбыстың тұйықталуы анықталады. Төменде көрсетілгендердің қайсысы жарық қапшығының ЕҢ ықтимал құрамына жатады?
2
32 жастағы әйел хирургқа кіндік аймағында ісік тәрізді шығыңқыға байланысты шағыммен қаралды. Қарағанда дөңгелек пішінді жарықтық шығыңқы, көлемі 4,0х3,5 см, үстіндегі тері түсі өзгермеген. Пальпация кезінде жарық қапшығының құрамындағы тін жұмсақ*эластикалық консистенциялы, перкуссияда тимпаникалық дыбыс анықталады. Төменде көрсетілгендердің қайсысы жарық қапшығының ЕҢ ықтимал құрамына жатады?
3
30 жастағы ер адамда 2 жыл бойы қыжыл мазалайды. 3 ай бұрын жағдайы нашарлады: түнде асқазаннан тағам ауыз қуысына құйылып, науқас жартылай отырып ұйықтауға мәжбүр болды. Еңкейгенде кекіру пайда болды. Қайсы диагноз ЕҢ ықтимал және ем тактикасы қандай?
4
Шап жарығына байланысты операция кезінде жарық қапшығын бөлгенде, оның бір қабырғасы қуық болып шықты. Төменде көрсетілгендердің қайсысы ЕҢ ықтимал?
5
Шап жарығына байланысты операция кезінде анықталды: жарық қапшығы шәует бауының элементтері құрамында өтеді, мошонкаға түседі, элементтердің латеральды жағында орналасқан. Жарық қапшығында шарбы, мөлшерлі жарық суы, аталық без бар. Қайсысы ЕҢ ықтимал операциядан кейінгі диагноз?
6
45 жастағы ер адам жарық аймағындағы ауырсыну, қызару, тығыздану, дене қызуының 39ºС*қа дейін көтерілуі, қалтырау шағымдарымен түсті. Қарағанда жарықтық шығыңқы айқын ауыратын, үстіндегі тері ісінген, гиперемиялы, жергілікті гипертермия байқалады. Жарықтың асқынуына ЕҢ ықтимал себеп қайсысы?
7
45 жастағы әйел оң жақ шап аймағында шығыңқыға шағымданып түсті. Қарағанда шап байламының төменгі жағында шығыңқы байқалады, ауырмайды, іш қуысына қайта енгізіледі, «жөтел серпілісі» симптомы оң. ЕҢ ықтимал алдын ала диагноз:
8
Науқас П., 68 жаста, оң жақ шап аймағында жарықтық шығыңқы мен зәр шығарудың қиындауына шағымданды. Алдын ала диагноз: сырғушы шап жарығы. Диагнозды ЕҢ сенімді дәлелдейтін зерттеу әдісі қайсысы?
9
67 жастағы ер адам жоспарлы түрде хирургия бөліміне «шап жарығы» диагнозымен түсті. Анамнезінде – жарыққа байланысты шағымдары 10 жыл шамасында. Шап каналын аллопластика жасаудың ЕҢ тиімді әдісі қайсысы?
10
42 жастағы әйел кіндік жарығына байланысты жоспарлы операцияға түсті. Жарықты пластика жасаудың ЕҢ қолайлы әдісі қайсысы?
11
67 жастағы ер адам оң жақ шап жарығымен түсті. Қарағанда анықталатын ЕҢ ықтимал диагностикалық белгі қайсысы?
12
Қай жарық сирек орналасатын түріне жатады?
13
Шап каналының қабырғасын құрайтын анатомиялық құрылым қайсысы?
14
Құрсақ сыртқы жарығының ЕҢ жиі асқынуы қайсысы?
15
66 жастағы ер адам операцияға қысылған операциядан кейінгі жарықтан 1,5 сағат өткен соң алынды. Операция кезінде жарық қапшығында аш ішек ілмегі анықталды. Қысқан сақина кесілгеннен кейін ішек ілмегі босатылды. Ішектің өміршеңдігін бағалау үшін не анықталуы қажет?
16
67 жастағы әйелге деструктивті холециститке байланысты операция жасалды. Жара қабынды, екіншілік тартылумен жазылды. 6 айдан кейін созылмалы бронхит асқынып, операциялық тыртық аймағында 4,0х5,0 см көлемді түзіліс пайда болды. Операциядан кейінгі кезеңде дамуы ЕҢ ықтимал жағдай қайсысы?
17
60 жастағы әйелде асцитке байланысты іш үлкейген, пальпацияда жұмсақ, ауырсынусыз. Кіндік аймағында 6,0х6,0 см жарық анықталады, іш қуысына еркін енгізіледі. Анамнезінде – бауыр циррозы (декомпенсация сатысында). Құрсақ жарығына қатысты ең қолайлы ем тактикасы?
18
35 жастағы әйел оң жақ сүт безінде ауырсынатын түзіліске шағымданды. Қарағанда, оң жақ сүт безінің сыртқы жоғарғы квадрантында 3 см шамасында түзіліс, тығыз*эластикалық консистенциялы, пальпацияда орташа ауырсынады. Тері өзгермеген. Сүт безі емшегінен сарғыш бөлінділер бар. Науқас түзілістің көлемі, ауырсынуы, бөлінді мөлшері ай сайын өзгеретінін айтады. ЕҢ ықтимал диагноз?
19
39 жастағы әйел оң жақ сүт безінің деформациясы мен ауырсынуына шағымданды. Қарағанда, сүт безі қатты үлкейген, деформацияланған. Тері инфильтрацияланған, қалың, бұдырлы, қанталаған және ойық жаралы аймақтары бар. Емшек ұшы деформацияланған, тартылған. Оң жақ қолтықта тығыз лимфа түйіндері пальпацияланады. ЕҢ ықтимал диагноз?
20
50 жастағы әйелде оң жақ сүт безінің емшек ұшында жара байқалады. Жара түбі сұрғылт*іріңді бөліндімен жабылған, грануляция әлсіз, қырлары «кемірілген», айналасында венозды гиперемия аймағы бар. ЕҢ ықтимал диагноз?
и еще 229 вопросов