Әйел 47 жаста, көкіректің сол жақ жартысының ауыруына, кейде сол жақ қолға беріледі, ұзақ жүрген кезде аяқтарының сыздап ауыруына шағымданады. 2 жыл бұрын қан құрамында глюкоза және холестериннің мөлшері жоғары екені анықталған. Қандағы глюкоза мөлшерін төмендету үшін дәрі-дәрмекті тұрақты ішеді. Төмендегі факторлардың қайсысы ЖИА дамуының аса ықтимал қаупі болып табылады?
2
Ер адам 55 жаста, жүрегінің ұдайы батып ауыруына, айқын жүрек қағуына, жүрек ырғағының бұзылуына және тоқтап қалған сияқты сезіміне шағымданады, артық жүктеме кезінде ауыру күшейеді. Күнделікті 300-400 грамм арақ үшіп тұрады. Перкуторлы – жүрек шекарасы солға кеңейген. ЭКГ – ырғақ дұрыс емес, атриовентрикулярлы өткізгіштік (РQ-0,30) бәсеңдеген, жиі жүрекше және қарыншалық экстрасистолалар, SТ сегменті кеуде жалғамдарында төмендеген, екіфазалық тісше Тв V3- V6. ЭхоКГ – лақтыру фракциясы 32%. АСА ықтимал диагноз қандай?
3
Ер адам 70 жаста, екі рет миокард инфаркті болған, айқын ентігуге, бірнеше сағат бойы жүрек қағысының жиілеуіне, бірден әлсіреуге шағымданады. ЭКГ-да – Р тісшесі жоқ, қарынша жиырылуының артимиясы анықталды, ырғақ жиілігі минутына 170 жуық. Амиодарон тиімсіз. Науқаста гемодинамикалық бұзылыстар тез өршіді. Жүрекше фибрилияциясының пароксизмасы кезінде қандай жағдайларда синусты ырғақтың шұғыл реверсиясын жасайды?
4
Ер адам 49 жаста, артық жүктеме кезінде күшейетін айқын ентігуді, жүрек қағуын, субфебрилитет, әлсіздік, тершеңдікті, артралгияны, аяқтарының ісінуін байқады. Бұрын жиі іріңді баспамен ауырған. Тоңудан кейін жағдайы нашарлады. Объективті: жүрек тұйықтығының салыстырмалы шекарасы жоғары және оңға үлкейген. Аускультация кезінде: жүрекше фибрилляциясы, бөдене ырғағы, жүрек ұшында диастолалық шу. Науқаста қандай диагноз аса ықтимал?
5
Әйел 67 жаста, аздаған жүктеме кезінде ентігуге, жүрек соғуының бұзылуына, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Анамнезінде: миокард инфаркті болған, темекіні көп шегеді. Қараған кезде: өкпеде тұрақты ылғалды сырылдар, жүрек үні бәсеңдеген. ЖЖЖ – мин 106. АҚҚ - 150/95 мм рт.ст. ЭКГ: сол жақ жүрекшенің алдыңғы қабырғасының тыртықты өзгерісі, жиі қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ: лақтыру фракциясы-37%. Коронарография: ПМЖВ ЛКА проксималды үштен бір бөлігінің стеноздалуы 85%. Спирография: тыныс жетіспеушілігінің рестриктивті түрі. Төмендегі критериялардың қайсысы СЖЖ ағымын болжау үшін АСА ақпаратты?
6
Әйел 27 жаста, инфекциялық миокардитке күмән бар. Қандай клиникалық белгілер АСА тән болады?
7
Әйел 27 жаста, ұй шаруашылығында, қызба 39,5 °С, қатты тершеңдікті, қалтырауды, аздаған жүктеме кезінде ентігу мен бас айналуын, әлсіздікті, тәбеті жоқтығын, соңғы 2 айда 9 кг арықтағанын айтады. 2 ай бұрын – тісін жұлдырған. ҚЖА - лейкоцит-14х109/л, ЭШЖ-27 мм/ч. Терісі бозарған сарғыш түсті, ылғалды, серпімділігі төмендеген, алақандарында ауырмайтын диаметрі 3 мм геморрагиялық дақтар. ЭхоКГ: аорта қақпақшасының жақтауында мөлшері 1,0х0,8 см эхогендік өсінді бар. Аса ықтимал диагноз қандай?
8
Ер адам 43 жаста, тұмаудан кейінгі миокардит диагнозы қойылды. Төмендегі ЭКГ-белгілерінің қайсысы осы науқаста АСА ықтимал болады?
9
Жалпы тәжірибелік дәрігерге 47 жастағы әйел ошақты миокардитке күдіктеніп қаралды. Оын жағдайына АСА тән шағымдар қандай болады?
10
Ер адам 20 жаста, жүрек тұсының ұзақ шаншып ауыруына, тахикардияға, физикалық жүктеме кезінде ентігуге, әлсіздікке шағымданады. 3 апта бұрын тұмаумен ауырған. Дене қызуы 37,80 С. Қараған кезде: жүрек шекарасы солға +2 см кеңейген, ұшында – систолалық шу, иррадиациясыз, ЖЖЖ минутына 97. Зертханалық тексерулер: лейкоцитоз, ЭШЖ жылдамдауы анықталды, С-реактивті ақуыз оң. ЭКГда: миокард реполяризациясы бұзылған және қарыншаішілік өткізгіштік баяулаған. Аса ықтимал диагноз қандай?
11
Жалпы тәжірибелік дәрігерге 64 жастағы ер адам липидограмма нәтижесімен келді. дәрігер зертханалық тексерулер нәтижесіне интерпретация жасады: жалпы холестерин деңгейі жоғарылаған, ЛПНП деңгейі жоғарылаған, ТГ деңгейі жоғарылаған. Қанның биохимиялық талдауында глюкоза, АЛТ, АСТ деңгейі жоғарылаған. Анамнезінде: қант диабеті. Осы жағдайда қандай дәрі АСА тиімді болады?
12
Ер адам 68 жаста, ЖИА диагнозы қойылды: стенокардия кернеуі ФК II, атеросклерозды кардиосклероз, ХСН І, ФК І. Объективті: АҚҚ 140/60 мм рт.ст. ЖЖЖ 79 уд/мин, жалпы холестерин деңгейі 6,8 ммоль/л.Гиперхолестеринемия кезінде статиндер тобы дәрілерімен емдеу ұзақтығы қандай?
13
Әйел 34 жаста, салмақ артуын, шөлдеу, тәбеті жоғарылауын айтады.Объективті: бойы - 162 см, салмағы - 94 кг. ДСИ - 35,8 кг/м2. Гликемия ашқарынға - 5,9 ммоль/л, жалпы холестерин – 7,8 ммоль/л, триглицеридтер – 2,9 ммоль/л. Төмендегі дәрі-дәрмектің қайсысын тағайындау АСА дұрыс?
14
Әйел 57 жаста, кеуді ішінің күйдіріп ауыруы, 500 м аса қашықтыққа жүрген кезде, 2-ші қабатқа көтерілген кезде ауа жетпеу сезімі мазалайды. Тексеруден өткен кезде ЛПНП холестерин деңгейі жоғары екені анықталды.Коронароангиографияда сол жақ тәжді артерияның қарыншаралық артқы бұтағының 70% стенозы анықталды. ЖИА ЖЖ ФК ІІ диагнозы қойылды. Төмендегі гиполипидемиялық дәрілердің қайсысын тағайындау АСА дұрыс? А. Липантил
15
Ер адам 67 жаста, әкесі жас кезінде миокард инфарктінен қайтыс болған, артық физикалық жүктемеден кейін ұзақтығы 25 минуттан аса кеуде ішінің күйдіріп ауыруына шағымданады, ауыру нитраттан басылмайды, жүрек қағуымен, үрей сезімімен және тершеңдікпен жүреді. Тамақтануы жоғары,жалпы холестерин - 7,8 ммоль/л; гоюкозаға төзімділік бұзылған. ЭКГда: ST V1-V4 2 мм аса монофазалық элевация. Төмендегі дәрілердің қайсысын негізгі терапияға қосқан АСА дұрыс?
16
Жалпы тәжірибелік дәрігерге 59 жастағы ер адам балтыр бұлшықетінің сыздап ауыруына шағымданып қаралды. Анамнезінде – ЖИА, стенокардия кернеулі. Кардиолог 3 ай бұрын кешенді ем тағайындаған: изосорбидадинитрат (кардикет), ацетилсалицил қышқылы (тромбоАСС), триметазидин (предуктал), симвастатин (симвор), милдронат (мельдоний). Тексеру кезінде АЛТ, АСТ жоғарылауы анықталды. Қандай дәрі осы аталған жанама әсерді тудыруы АСА ықтимал?
17
Ажар 4 жаста, дауысы қарлығуына, үрмелі жөтелге шағымданып қаралды. Ауырғанына 2 күн. Объективті: қараған кезде гиперемия, көмекей қақпашасының ісінуі байқалады. Терісі мен шырышты қабаты таза, түсі әдеттегідей. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек үні анық, ырғағы дұрыс. Іші жұмсақ, ауырмайды. Физиологиялық бөлінділер қалыпты. АСА ықтимал диагноз қандай?
18
Ұл бала 4 жаста, дауысы қарлығуына, үрмелі жөтелге шағымданып қаралды. Ауырғанына 2 күн. Объективті: қараған кезде гиперемия, көмекей қақпашасының ісінуі байқалады. Терісі мен шырышты қабаты таза, түсі әдеттегідей. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек үні анық, ырғағы дұрыс. Іші жұмсақ, ауырмайды. Физиологиялық бөлінділер қалыпты. Диспансерлік бақылаудың АСА ықтимал ұзақтығы қандай?
19
Анасы 6 айлық баласымен қосымша тамақ беруге қатысты сұрақпен емханаға қаралды. Сәбидің туған кездегі салмағы 3700 г. Перзентханадан шыққан соң дені сау болды. Баланы қараған кезде терісінің түсі әдеттегідей, барқыт тәрізді. Органдары мен жүйелерінде патология анықталмады. Белсенді емеді. Қандай қосымша тағам беру керек? АСА дұрыс жауапты таңдаңыз:
20
Анасы 7 айлық баласымен қосымша тамақ беруге қатысты сұрақпен емханаға қаралды. Сәбидің туған кездегі салмағы 3700 г. Перзентханадан шыққан соң дені сау болды. Баланы қараған кезде терісінің түсі әдеттегідей, барқыт тәрізді. Органдары мен жүйелерінде патология анықталмады. Белсенді емеді. Қандай қосымша тағам беру керек? АСА дұрыс жауапты таңдаңыз: