Ер адам П. 28 жаста, жедел гангренозды-перфоративті аппендицит бойынша аппендэктомия жасалынған.Іріңді асқынуларды алдын алу мақсатында қайсылары тағайындалуы тиіс?
2
Аппендикулярлы инфильтратпен ауруханада жатқан 57 жастағы Р. деген науқаста, оң жақ мықын аймағында солқылдайтын ауру сезімі пайда болды және дене температурасы 39,00С көтерілді. Құрсақ қуысының УДЗ-де сұйықтық деңгейі бар қуыс анықталды.Әрі қарай жүргізілетін емдеу тактикасын анықтаңыз?
3
Науқас Д., 25 жаста,аппендикулярлы инфильтратқа байланысты консервативті емнен кейін стационардан шығарылды.Сіз қандай емдік кеңестер айтасыз?
4
Хирургия бөлімшесінде аппендикулярлы инфильтрат бойынша жатқан 52 жастағы Т. деген науқасқа, кешенді консервативті ем құрамына қандай АЖЫРАТҚЫШ ПРЕПАРАТ тағайындалуы тиіс?
5
Науқас 19 жастағы жас жігіт жедел аппендициттің типтік клиникалық көрінісімен келіп түсті.Қандай операциялық кесілім АНАҒҰРЛЫМ тиімді?
6
Мерзімі 28-29 апталық жүкті әйелде, құрсақ қуысының УДЗ кезінде ӨТА кездейсоқ анықталды. Пациенттің айтуы бойынша, ауру сезімінің ұстамасы ешқашан болмаған.Хирургтың әрі қарайғы тактикасы?
7
Науқас 52 жастағы ер адам жедел холециститпен келіп түсті. Миокард инфарктісімен ауырған. Жүргізіліп жатқан консервативтік емнен науқастың жағдайы жақсармағаны байқалады.Әрі қарайғы емдік тактиканы анықтаңыз?
8
Науқас 62 жастағы ер адам жедел холециститтің клиникасымен келіп түсті. Қан анализінде 25,4х109/л дейін лейкоцитоз байқалады. УДЗ-де өт қапшығы қабырғасының қабаттары бір-бірінен ажыраған, мойнында фиксацияланған тас анықталады.Тиімді емдік тактиканы анықтаңыз?
9
Науқас 72 жастағы қарт адам, жедел холецистит бойынша стационарлық ем қабылдауда.Косервативтік ем құрамына міндетті түрде не енгізілуі тиіс?
10
Науқас 69 жастағы әйел, механикалық сарғаюдың клиникалық белгілерімен жатқызылды. Оның 10 жыл бойы ӨТА ауыратындығы белгілі болды.Механикалық сарғаюдың себебін анықтау үшін қандай контрасты зат қолданылады?
11
Науқас 49 жастағы әйел, оң жақ қабырға асты аймағындағы ауру сезіміне, склерасы мен терісінің сарғаюына, нәжісінің түссізденіп, зәрінің қою-қоңыр түске өзгеруіне, температурасының кешке қарай 380С-қа дейін жоғарылауына және денесінің дірілдеп-қалтырауына шағымданады. Ауырғанына 5 күн болған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты аймағында ауру сезімі анықталады. Бауыры мен көкбауыры ұлғайған.Қойылған диагноздардың қайсысының болуы АНАҒҰРЛЫМ мүмкін?
12
Науқас 70 жастағы пациент, аяқтарының облитерациялаушы атеросклерозымен 5-6 жыл көлемінде ауырады. Қарап тексергенде аяқтарының IV дәрежелі ишемиясы анықталды.АНАҒҰРЛЫМ дұрыс емдік тактика?
13
Хирургия бөлімшесіне жедел панкреатитпен әйел адам келіп түсті. Оған алғашқы 3-4 күн бойы қандай ДИЕТАЛЫҚ СТӨЛ тағайындау қажет?
14
Науқас 52 жасар ер адамға, хирургия бөлімшесінде жедел панкреатитке байланысты кешенді комплексті ем жүргізілуде.Ұйқы безінің сыртқы секреторлық қызметін төмендету мақсатында қандай препараттар қолданылады?
15
Науқас 26 жасар ер адам, ауырғанына 3 сағат болғаннан кейін жедел панкреатиттің клиникалық көрінісімен келіп түсті. Дене температурасы - 36,70С. Қан анализінде лейкоциттер - 6,5х109/л, ЭТЖ - 8 мм/сағ.Зәрдегі дистазаның деңгейі қандай болуы МҮМКІН?
16
Науқас 37 жасар ер адам, жедел панкреатиттің белгілерімен жатқызылды.Кешенді консервативті емнің құрамында ұйқы безі ферменттерінің он екі елі ішекке эвакуациясын жақсарту масатында қандай препараттар қолданылады?
17
Ауруханада жедел панкреатитке байланысты жатқан 54 жастағы ер адамға, консервативті ем нәтижесіз болғандықтан операция жасалды. Шарбы қалтасын тіліп ашқан кезде геморрагиялық сұйықтық аға бастады, ұйқы безінің тұла бойы күңгірт түсті, майлы дақтар көрінеді.Әрі қарайғы хирургиялық тактика?
Науқас 27 жастағы әйел, тамақ ішкен кезде жұтынудың қиындығына, тамағында бөгде зат бар сияқты сезімге, қабылдағанына көп уақыт өтпеген тағамның регургитациясына шағымданады. Сөзіне қарағанда су ішкенде әркезде шұрылдар естіледі.Қандай зерттеу әдісін тағайындаған АСА тиімді?
20
Науқас 68 жастағы ер адамды, соңғы 8-9 ай ішінде азып кеткендігі, эпигастрий аймағының тұрақты және басылуы қиын ауру сезімі мазалайды. Анамнезінде асқазанның ойық жара ауруы бар. Бұрынғыдай аурудың өршуінің спецификалық кезеңділігі мен мезгілділігі жоғалған. Пациент тәбетінің төмендегенін айтады.Аталаған көріністер ойық жара ауруының қандай асқынуын дәлелдейді?