⚠️ Тест решен студентами, могут быть неточности, перепроверяйте ответы
80
5 курс
📅 12 мая 2026
👀 7
1
Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы жіпке асылып тұрған мәйітті тапты. Тексеру кезінде марқұмның өз-өзіне қол жұмсау туралы жазбасы табылды. Туыстары сараптама жүргізуге қарсы және мәйітті үйде қалдыруды талап етеді. Тергеуші туыстарына мәйіт мәйітханаға сот-медициналық сараптама жүргізу үшін қаулымен бірге жеткізілетінін айтты. Тергеуші сараптама тағайындау кезінде қандай іс жүргізу ережесін басшылыққа алды
2
Сот-медициналық амбулаторияға зорлау жасады деп күдікке ілінген екі жас жігіт жеткізілді. Бұған дейін жәбірленушіге сот-медициналық сараптама жүргізілген, алайда оның оқиға туралы айтқан деректері күдіктілердің жауаптарымен сәйкес келмеді. Сот-медициналық сарапшы тергеушіге күдіктілерді қайта жауап алу кезінде қатысуға ниетті екенін хабарлады. Күдіктілерді жауап алу кезіндегі сарапшының процессуалдық мәртебесі қандай құқықтық құжатта анықталады?
3
35 жастағы әйел 2-қабаттағы балконнан құлап, аралас жарақат алды. Оны 3 тәулік бойы травматология бөлімінде емдеді, бірақ ол қайтыс болды. Комиссиялық сараптама құрамына кірген травматолог қажетті тергеу әрекеттеріне қатысудан бас тартты. Мамандалған дәрігердің құқықтары мен міндеттері ҚПК-нің қай бабымен реттеледі?
4
Ауруханаға мол қан жоғалтқан ер адам түсті. Реанимация 30 минуттан бері жүргізілуде. Жүрек соғуы мен тыныс алу жоқ, қарашық жарыққа реакция бермейді. Биологиялық өлімнің сенімді белгісі қайсы?
5
Көршінің баласы әйнекке құлап, санында терең жара пайда болды. Қан қатты ағуда. Оқиға болған маңайда инфекционист-дәрігер бар болғандықтан, анасы одан көмек сұрады, бірақ дәрігер жарақаттарды қарап емдеу оның міндетіне кірмейтінін айтып, көмек беруден бас тартты. Дәрігерге қылмыстық жауапкершілік жүктеле ме?
6
Дәрігерге ес-түссіз күйде науқас әкелінген. Бірінші секундтарда өмірлік маңызды функциялар бағаланады. Бұл алгоритм алғашқы көмек стандарты болып табылады. Алдымен қандай белгілер бағаланады?
7
Сот-медициналық сарапшы зорлықпен өлім күдігімен жеткізілген мәйітті зерттеуде. Оның міндеті — барлық өзгерістерді сипаттап, механизмін және өлім себебін анықтау. Алайда сарапшы өз құзыретінен аспауы тиіс. Сарапшы жұмысына қай міндет жатпайды?
8
Гаражда моторы қосулы автокөлік жанында ер адамның мәйіті табылды. Ауада көлік түтінінің газының өткір иісі сезіледі. Денеде жарақат жоқ, бұл өлімнің зорлықсыз болуы мүмкіндігін көрсетуі ықтимал. Қай сұрақты шешу маңыздылығы жағынан бірінше кезекте тұрады?
9
Мәйіт етпетінен жатыр. Мәйіттік дақтар бетте және көкіректе айқын көрінеді және басқанда жоғалмайды. Бұл қанның төмен жатқан аймақтарда бекітілгенін көрсетеді. Бұл белгі қандай қорытынды жасауға мүмкіндік береді?
10
Мәйіт жіпке асылған қалыпта, аяқтары еденге тиген. Күресу іздері жоқ. Тергеу — бұл өз-өзіне қол жұмсау ма, әлде адам өлтіру ме — нақты жауапты талап етеді. Сарапшының дұрыс тактикасы қандай болуы керек?
11
Марқұмның төбе аймағында орта сызық бойымен орналасқан терең енетін жара бар. Терілік ақау созылған үшбұрышты пішінде, бір ұшы үшкір, төменгі ұшы П-тәрізді, шеттері тегіс. Төбе сүйегінде де осындай ақау анықталып, ми тініне дейін 3 см-ге жуық тереңдейді. Қандай қару түрі қолданылған?
12
Оң жақ жауырын сызығы бойында, кеуде артқы бетінде, ұштары үшкір ұршық тәрізді жара анықталады, ол оң өкпе қуысына өтеді. Жара өзегінің соңы өкпе тінінде, ішінде қан ұйындылары бар. Оң жақ жауырында сопақша сүйек зақымы анықталған, ол жара каналының бағытына сәйкес келеді. Жара қандай сипаттағы құралмен салынған?
13
Сол жақ артқы қолтық сызығында шамамен 10 см ұзындықтағы, шеттері тегіс, ұштары үшкір сызықтық жара анықталды. Жара түбі жауырын сүйегінің беткі қабатына /надкостница/ дейін жетіп, үстірт кесік шақырған. Жара айналасында қан құйылу бар. Қандай құралмен жарақат салынған?
14
Оң жақ ортаңғы бұғана сызығы бойымен көлденең бағытталған, құрсақ қуысына өтетін сызықтық жара бар. Сол жақ ұшы дөңес, оң ұшы үшкір, шеттері тегіс. Жара жолы ұзынша-жіңішке түрінде көрінеді. Қандай жарақаттаушы зат?
15
Оң жақ маңдай аймағында ұзындығы 4,7 см болатын сызықтық жара, шеттері қажалған, айналасында тері эпидермисі сылынып қалған аймағы байқалады. Шеттері біркелкі емес, жараның түбінде ұштарына жақын аймақта тіндік жіпшелер бар. Қандай затпен салынған?
16
Шүйде аймағында үшбұрышты пішінді терең жара, сүйек ақауы және ми қабықтары зақымдалуы анықталады. Шеттері тегіс, жарақаттаушы құралдың қатты қысымы байқалады. Қандай қару түрі қолданылған?
17
Шүйде аймағында үш сәулелі жұлдыз тәрізді жара, ортасында тіндердің жаншылуы бар. Сүйекте айқыш крест түрінде сыну, жара шеттері біркелкі емес, жараның түбінде ұштарына жақын аймақта тіндік жіпшелер бар. Қандай затпен жарақат салынған?
18
Жол-көлік оқиғасынан қаза болған жаяу жүргіншінің мәйітін зерттеу барысында сан сүйегінің айқын қан құйылулармен бірге сынуы анықталды. Жарақаттар көлік бамперімен жанасқан деңгейде орналасқан. Тергеу материалдары бойынша зардап шегуші жолда тік тұрған. Бұл жарақатты қандай көлік құрал түрі ең ықтимал келтірген?
19
Автомобильдің соғуынан кейін ер адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оған жіліншік сүйегінің көлденең сынуы және сирақ аймағында жергілікті сызаттар анықталды. Куәгерлердің айтуынша, соққы алдыңғы жағынан болған. Бұл жарақатты ең ықтимал қандай көлік құрал келтірген?
20
Автомобильдің артқы орнында отырған жолаушының мәйітін зерттеу барысында мойын омыртқасының «қамшы тәрізді» сынуы және жұлын жарақаты анықталды. Бұл жарақат қандай жол-көлік оқиғасы кезінде пайда болуы мүмкін?